САПАЛЫ ЖАҢА МОДЕЛЬ ҚАЛЫПТАСЫП ЖАТЫР

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат. Оның қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Мемлекет басшысының әрбір игі бастамасы ел дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын халық зор ықыласпен қабылдады.

Елбасының кейінгі Жолдауы Қазақ­стан халқының әл-ауқаты мәселе­сінің басым бағыттарына арналды. Елбасы Жолдауында көпшіліктің көкейіндегі маңызды мәселелерді дөп басып қана қоймай, оны шешудің айқын жолдарын көрсетіп берді. Жолдаудың басты ұраны әр қазақстандық азаматқа қолдау жасауға бағытталған. Қоғамның барлық саласын қамтыған Жолдаудың негізгі мәні адамның өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру. Себебі, мемлекеттің басты байлығы – адам. Мемлекетті дамыту жөніндегі Президент ойларының нақтылығы осынау күрделі кезеңде өмір сүріп жатқан халықтың көңіліне сенім ұялатады.

Қазақстан – әлемдік аренада жаһан­дық интегратор, аймақтық, континенттік және әлемдік деңгейдегі диалогтық тиімді алаң беделіне ие болды. Бұл – еліміз дамуына алып баратын бірден-бір табысты жол болмақ. Ол үшін еліміз тыныш, өрісіміз кең болуы тиіс.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы біздің барлығымыз үшін жаңа қазақстандық шындықты қалыптастыруға бағытталуымен де маңызды.

Қазақстанның стратегиялық жетіс­тіктерінің бастауында Елбасының әріден ойлай білетін көрегендігі, кең ауқымды саясаты және жасампаз жоспарлары мен халықты ортақ мүддеге жұмылдыра білген маңызды бастамалары тұр.

Жаһандағы өзгерістер мен жаһандық проблемалар және адам еңбегіне талаптың күшеюіне байланысты адам ешқашан өзін дамытуды тоқтатпауды талап етіп отыр. Мемлекетте әрбір адам өзін дамытушы, ізденуші тұлға ретінде таныта білсе, соны­мен қатар, ізденісінің нәтижесін қолдана отырып әрекет жасаса, еліміздің әл-ауқа­тының жақсаруы жоғары деңгейге жететіні айқын.

Халық табысының өсуі ол ертеңімізге деген сенімді ұялатады. Тұрғындардың тұрмыс деңгейі халықтың табысы мен шығысын, білімі мен біліктілігінің дәреже­сін, тіршілік әрекеттерінің шарттарын және қоршаған ортаның жағдайын танытатын күрделі әлеуметтік-экономикалық катего­рия. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру дамыған қоғамның негізгі мақсаты болып табылады. Халық табысының өсуі қоғам­дағы экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, халықтың ұзақ, қауіпсіз және әл-ауқа­ты­ның табысты шарт­тарын қалыптас­тыра­ды.

Қоғамда тұрмыс сапасы мағынасы кең ұғым. Ол мате­риалдық әл-ауқаттың құрам­дасы болып табыла­тын өмір сүру деңгейі және уақытша қалыптасатын өмірдің бола­шақ құбы­лыс­тарының жиын­тығы. Атал­ған ойдың әрбірі адамзат үшін маңызды. Өмір деңгейі адамның мате­риалдық жағ­дайы, әлеу­меттік мәртебесі мен құзы­реттілік деңгейін көрсетеді. Өмірге көзқа­рас адамның жеке басы мен қор­шаған ортаға эмоциялық қаты­насын реттейді. Бұл құбы­­лыс­тардың толыққанды қалып­тасуы адамның өмір­лік болашағын жүзеге асы­руға жетелейді.

Бүгінде Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елде­рінің қатарына жылжыту басты мақсаты­мыз. Осы орайда алдымызға елдегі тұрақ­тылықты, азамат­тардың барлық консти­туциялық құқық­тары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, қоғам мен мемле­кетті басқарудың ең тиімді жүйесін іске асыра алатын қазіргі заманғы демокра­тия­лық басқару форма­сына көшу міндеті қойылып отыр. Бұл міндетті іске асыру мақсатында елімізде корпоративтік бас­қарудың, өнімділіктің, ашықтықтың және есептіліктің қағидатта­рын негізге алған сапалы жаңа модель құрылуда.

Аманкелді ӘБДІҚАЛЫҚ,

«Нұр-Қазақстан» компаниясының президенті,

профессор.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *