САНКТ-ПЕТЕРБОРДА КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

«Ақшам-ақпарат»  бұған дейін  хабарлағандай,  Ұлы Жеңіс күні  қарсаңында  өткен   ерлікке тағзым шарасы  — Ресейдегі Қазақстан елшілігі мен  Санкт-Петербор билігі  және Ақтөбе мен Атырау облыстары әкімдерінің бірлескен жобасы. Алматы облысында  жасалған  ескерткіш  композициясының  авторы  — мүсінші Едіге Рахмадиев.

Қаһарман қазақ қызының  рухына тағзым етіп келген­дердің көптігі сонша, тіпті адамның көптігінен саябаққа кіре алмай, сыртта тұрған  жұрттар да  болды.

Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов  бұл   шараның  қаһарман қазақ қызына  ұлы тағзым және екі елдің бірлігін паш ететін  тағылымды шара   екенін атап өтті.

— Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мүсіні достық, татулық, бейбітшілік және ұлы қазақ халқы мен осы халықтың даңқты қызын ұлықтаған ескерткіш болды, — деді Санкт-Петербор заң шығару жиналысының төрағасы Вячеслав Макаров.

Салтанатты рәсімге қатысқан ардагерлер мен қоғам қайраткерлері, әскерилер  мен қоғамдық ұйымдар  өкілдері, өнер қайраткерлері арасында «Әлия» әнімен әлемге танылған қазақтың күміс көмей әнші қызы  Роза Рымбаева да болды.

— Бұл ерлік ешқашан ұмтылмайды. Әлия апамыздай батырларымыздың арқасында біздің елге бейбітшілік келді. Ел қорғаған әскерлеріміздің, аталарымыздың, солардың арасында  Әлия, Мәншүк, Хиуаз сынды апаларымыздың   арқасында бүгінгі  бейбіт күнге жеттік», — деді Роза Рымбаева.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *