«Сандық Қазақстан – экономиканың жаңа моделі» шеберлік сыныбы өтті

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Сандық Қазақстан – экономиканың жаңа моделі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
Жиынға оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, с.ғ.д.Шәріпбек Әмірбеков, Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қабыл Халықов және «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының өкілдері, академияның оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Басқосуда еліміздегі ұлттық өнерді дамыту, оның тарихи көрінісі, ұлттық өнердің сәндік үрдістерін көпшілікке таныстыру, шығармашылықтағы ұлттық сарындарды дәріптеу жөнінде мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы аясында қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани құндылықтар мәселелері, рухани жаңғырудың жаңа міндеттері мен мүмкіндіктері төңірегінде мәнді, мазмұнды ойлар айтылды.
– Елбасы Н.Назарбаевтың «Адами капитал – жаңғыру негізіне» айрықша мән беруінің себебі, қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани құндылықтар мәселелері, рухани жаңғырудың жаңа міндеттері мен мүмкіндіктері қазақ өнерінің діңгегінде жатыр. Бұл түсінікті әрі айқын. Әрине, біздер, ұстаздар қауымы үшін жетінші міндетте адами капиталды қалыптастыру, дамыту бағытында нақты тапсырмалар мен жүзеге асыратын іс-қимылдар нақты көрсетілген. Сонымен қатар, білім беру саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту барысында да көптеген игі іс-шаралар бар, – деп атап өтті Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қ.Халықов.
«Сандық Қазақстан – экономиканың жаңа моделі» атты шеберлік сыныбы аясында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті басшыларының ұйымдастыруымен академияның бас фойесінде студенттердің шығармашылық көрмесі өтті. Бұл ретте аталған факультеттің магистранты, фотограф Оңғарбек Алхаровтың көрмесі көпшілікке таныстырылды. Оның көрмесі заманауи цифрлық пішіндегі фотолардың көлемі ауқымды әрі көркем классикалық нақышта түсірілген. Көрменің ерекшелігі сол, академияның ғалым-оқытушы басшыларының, қазақтың атақты жазушы драматургтерінің, режиссерлерінің жəне музыка саласы мен актерлері, өнер теоретиктерінің фотодағы бейнелері бір арнада тоғысты.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *