САНАНЫ СЕРПІЛТУДІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы оның қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты шыққан мақаласының логи­калық жалғасы болып табылады. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғыр­ту» атты бөлімдерден тұрады. Пре­зидент аталмыш мақаласында ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту мәселесіне кеңінен тоқтал­ған. Жаппай жаһандану жүріп жат­қан қазіргі уақытта жер бетіндегі халықтардың көбі өзіндік төлтума ұлттық, көркем ерекше­ліктерінен айырылуда. Осы тұста, қазақ этносы­ның тілі мен ділі, психологиясы мен дүниетанымы, мәдени қазынасы, ұрпақтар қадірлейтін мұрасы болып дамуы қазіргі кезеңнің басты мәселесі болып отыр.

Жаһандық сұхбатта еліміздің бейнесін танытатын ұлттық діліміз, ұлттық болмыс пен дүниені тану ерек­шеліктері, салт-санасы мен абыройлы дәстүрі, ұлттық тілі мен діни сауаты, ата тарихы, жер қойнауындағы байлық­тары болмақ. Ең негізгісі, әлемдік сан салалы тартыста тәуелсіз елдің қадірі оның тарихы, тілі, көне ата-баба дәстү­рінің қолдану аясы және маңыз­дылығымен өлшенеді. Толерант­тылық, ашықтық, дәстүрге деген құрмет, жаңашылдықты қабылдай алу, таби­ғатқа жақындық сияқ­ты түркі мәде­ние­тінің дәстүрлі құндылықтары заманауи әлемдік өркениетке ауадай қажет. Міне, Елбасының патриотизм мен туған елге деген сүйіс­пеншілікті, ұлтаралық қатынасты нығайту, өз мәде­ниетіміз, дәстүріміз бен тілімізді сақтап қалу, әлеуметтік және саяси тұрақ­тылықты орнату, оның тарихын зерттеу мен насихаттауға бағыт­талған аталмыш мақаласы осы тұрғыдағы алға қойылған біраз міндеттерді мүдір­мей орындап, мем­лекеттің халық­аралық аренадағы беделін арттыруға өз үлесін қосады.

Динара ЖАҢАБАЕВА,

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану

және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *