Санаға сәуле сіңірер оқулық болсын

 

Бесік тербеп өскен елдің биігінде құс шарықтап, еңісінде егін толқитыны оның жайсаң көңілі мен жарқын іс, жаңашыл­дығында жатса керек. Өзіміздің жаңа­шылдыққа кешелі-бүгін қойын-қоржыны­мыз тола, шүкір. Ғылым мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің мәуе-мәйегін жас ұрпақ теріп алып, кәусар бұлағынан бас алмай, шөлін қандыруда. Ана тілін ардақтап, салт-дәстүрін салмақтап саналай бастады. Осындай ұлы да ұзақ жолға Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы ұйытқы болып, оған барша жұрт жылы қолдау білдіруде.    

Қолдауға ие Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаласы аясында ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтарымыз құт қойнауымызға қайта оралып жатыр. Әрине, құндының құндағы – кітапхана, құрығы – ой. Ой-өрістің дамуына даналық сөз саптаған, даналық сөз сақтаған кітаптың әсер күші ұшан-теңіз. Біздің кітапхана сөресінде сана-сезіміңді селт еткізер кітаптар сап түзеп тұр. Олардың алды өлең сөздің патшасы Абай, жыр алыбы Жамбыл, мұзарт Мұхтар, ғибратты Ғабит, әрі қарай Сырбай, Мұзафар, Қадыр, Тұманбай, Жұмекендермен жалғаса береді. Ал шетелдік әдебиеттер мен театр, музыка, цирк өнері жайынан сыр шертетін танымдық пән оқулықтары бір төбе. Тағы бір құнттайтын дүние – керуен тартып келе жатқан ең таңдаулы «100 жаңа оқулық» жобасы.

«100  жаңа оқулық» – кітапхана сөресін сүбелендіріп, санаға сәуле сіңіреді деген ойдамыз.

Ләззат АСАНОВА,

Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі кітапханасының меңгерушісі.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *