«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» 10 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕДІ

Серік ЖҰМАБАЙ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сатып алулар жүйесіндегі жаңа қағидалары қоржындық компаниялардың жыл басынан бері 10,8 млрд. теңге үнемдеуіне негіз болды. Бұл тура­лы ақпарат құралдарына «Самұ­рық-Қазына» АҚ Қоғаммен байла­ныс және маркетингтік коммуни­ка­циялар департаменті хабарлады.

Қазіргі уақытта Қордың сатып алулар қызметінде 72 стра­тегияны қамтитын «Сатып алу­ларды санаттық басқару» бағыты іске асырылуда. Әр стратегия сатып алуларды басқарудың ережелері көрсетілген жеке құжат болып табылады. Бұл бағыт бойынша тауарды сатып алуға жұмсалатын шығындар, оны сақтау, тасымалдау, қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары, сондай-ақ тауарды қайта өңдеу бойынша сұрақтар міндетті түрде қарастырылады.

Жоғарыда аталған 72 стра­тегияның 60-ы бекітіліп, жүзеге асырылуда, ал қалған 12-сі әзір­лену үстінде. «Сатып алуларды санаттық басқару» жүйесін толы­ғымен енгізу –  45 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төр­ағасы Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен Холдингте сатып алулардың ашықтығын қамтама­сыз ету мен әлеуетті өнім беру­шілердің арасында бәсекелестікті ұлғайту арқылы қаражатты тиімді басқаруға бағытталған жүйелі өзгерістер кезең-кезеңімен енгізі­луде.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың басында холдингішілік кооперация аясын­да ғана сатып алу мүмкін тауар­лар, жұмыстар мен қызметтер тізімі 4500-ден 2500-ге дейін қысқарған болатын. Осының арқасынада, шағын және орта бизнес өкілдері үшін сатып алу­лар тізімдемесі 4 мың позицияға дейін ұлғайды. Бұл шаралар өнім берушілердің арасында бәсеке­лестікті дамытып, сатып алуларды барынша ашық әрі тиімді өткізуге жағдай жасайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *