САЛАУАТТЫЛЫҚҚА АУА РАЙЫ ӘСЕР ЕТПЕДІ

Сегізінші «Алматы марафонына» 17 мыңдай адам қатысты

Халықаралық марафондар Ассоциациясының (АІМS) күнтізбесіне кірген «Алматы марафоны» биыл сегізінші рет өтті. Бүгінде шын мәнінде халықаралық марафонға айналған салауаттылық жүгірулеріне қатысуға биыл 17 мыңдай адам тіркелді. 2018 жылдың күзінен 1 сәуірге дейін тіркеу жүргізіліп, жүгіру жолдары ұйым­дастырылуы АІМS-тың барлық ереже-талап­тарына сай «Алматы марафоны» алты қашықтық бойынша өтті.

 Нұрлан СҮЙІН

21 сәуір күні таңғы сағат жетіден Республика алаңына жиналғандардың арасында тек қана Алматы, Қазақстан азамат­тары емес, Орталық Азиядағы ең ірі спорттық іс-шараға қатысқысы келген шетелдіктер де болды.

«Алматы марафоны» ұйым­дастырушылары жүгіруге қа­тысу­шыларға бірнеше қашық­тықты таңдауға мүмкіндік берді: дәстүрлі марафон (42 шақырым, 195 метр) – 18 жастан асқан­дарға, жартылай марафон (21 шақы­рым) – 18 жастан асқан­дарға, спутник-жүгіру (10 шақы­рым) – 15 жастан асқандарға, скандинавиялық жүріс (10 ша­қырым) – 15 жастан асқандарға, балалар жүгіруі (3 шақырым) – 10 жастан 14 жасқа дейінгілер, корпоративтік Экиден эстафетасы (42 шақырым, 195 метр) – 6 адам, 16 жастан жоғары. Старт пен мәре Республика алаңы болып, марафон жолы мегаполистің орталық көшелері арқылы өтті.

Марафонға алғаш рет қатысу­шылар легі көп болып, олар негізінен 10 шақырым қашық­тықты таңдады. «Шектеулі мүмкіндік, шексіз жігерлі», арбаға таңылған азаматтар да «Алматы марафонына» қатысып, 10 шақы­рым қашықтықты еңсеріп, мәреге келіп жатты. «Алматы марафоны» халықаралық жүгіру жарысының толық марафоны – 42 шақырым, 195 метр қашықты­ғында биресми рекорд та жасал­ды. 2 сағат 28 минут – рекордын жасаған Өзбекстаннан келген желаяқ болды. Толық марафон (42 шақырым, 195 метр) тұғырына сондай-ақ, өскемендік спортшы мен Ресейден келген желаяқ көтерілді.

«Алматы марафонына» кәсіби марафоншы-спортшылар да қа­тысып, олардың қолдарына сары шарлар беріліп, жалпы топты бастап жүгірді. «Алматы мара­фонынан» жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *