Салауатты болашақ өсіп келеді

1711Алатау ауданының «Халық» спорт кешенінде мектеп оқушыларының арасында спорт жарысы өткізілді. Бұл іс-шара Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қамқор­лығымен өткізілді. Шараға аудан мектептерінің 7-сынып оқушылары қатысты.

«Біз – салауатты өмір салты үшін» атты ұранмен өткізілген спорт шарасын Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алатау ауданы әкімшілігі, Алатау ауданының аудандық білім бөлімі, «Қамқорлық» дағдарыс орталық мекемесі, №22 қалалық емханамыздағы «Өрлеу» ЖДО, «Қамқорлық» дағдарыс орталығындағы «Youtһ Power» ЖДО ұйымдастырды. Ұйымдастырылып отырған спорт шарасында қыздар 800 м., ер балалар 1600 м. шақырымда жүгірді.

Мұндағы ең басты мақсат – жеңіске жету емес, ең бастысы – бұқаралық шараға қатысып, мектеп оқушыларының спортқа деген қызығушылығын арттыру. Осы жүгіру спорттық-сауықтыру жарысына қатысқандардың барлығы разы болып, өздеріне сергектік пен зор күш-қуат алды.

Жарысқа қатысушылардың ептілігін арнайы жасақталған төрешілер анықтады. Жарыс соңында қатысушылар арасында жақсы көрсеткіш көрсетіп, жүгіру барысында жылдам болған оқушылар да анықталды. Қыздар арасында өзінің жылдамдығымен 1-орынды иеленген №154 ЖББМ оқушысы Надежда Мельник, 2-орын иегері №184 ЖББМ оқушысы Кристина Маннаникова, 3-орын иегері №14 ЖББМ оқушысы Вера Бойченко, ал ұлдар арасынан жақсы көрсеткішімен 1-орын иегері №82 ЖББМ оқушысы Рафаэль Урышжанов, 2-орын иегері №91 ЖББМ оқушысы Шейхали Тусупбеков, 3-орын иегері №184 ЖББМ оқушысы Бағдат Қожабеков марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *