САКУРА АЛЛЕЯСЫ ПАЙДА БОЛАДЫ

Алматы қаласындағы  Есентай өзені жағалауының бойында күншығыс елінің символы болып табылатын Сакура аллеясы пайда болады. Осы бағдарға байланысты өткізілген салтанатты рәсім кезінде шаһар басшысы Бауыржан Байбек пен «Tokyo Rope Іnternatіonal» трансұлттық корпорациясы  президенті Сато Казунори алғашқы жапондық ағаштарды отырғызды.

Жапония – Қазақстанның жетекші серіктестерінің бірі. Бірнеше жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Токиоға сапары барысында телекөпір арқылы болат өнімдерін шығаратын алғашқы жапондық «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосқан еді. Жапондық іскерлік клуб аясында өткен жылы мегаполистің индустриалды аймағында екінші жоғары технологиялы зауыт ашылды.

Жапон компаниясының президенті Сато Казунори өзінің сөзінде әлемнің әр бұрышынан жыл сайын миллиондаған туристердің күншығыс еліне келіп, ағаштардың қалай гүл ашатынын көретінін айтты. Ол Алматыда сакура ағаштарын отырғызу екі ел арасында достық пен мәдени байланыстарды нығайтудың символы болатынына сенім білдірді.

«Біз Алматы климатына дөп келетін сакура түрін таңдадық. Алғашқы кезеңге 100-ден астам ағаш әкелдік, одан да көп отырғызуды жоспарлаудамыз. Алматылықтар туған қалаларынан шықпай-ақ оның гүлдегенін көре алады. Біз қазіргі кезде әкімдікпен бірге әл-Фараби даңғылының жоғары жағында Есентай өзенінің жағалауын бекітумен айналысудамыз. Мұнда өзіміздің жаңа технологиямыз – Rock Boxты қолданудамыз. Бұл – алюминий мен цинктің қоспасынан жасалған берік және ұзақ мерзімді инженерлік қорғаныс жүйесі. Әлемде оған балама жоқ. Оның экологиялық маңызы жоғары. Тіпті, балыққа да оң әсер етеді, өйткені, ол уылдырығын таста қалдырады. Бетонға қарағанда алматылық зауытта өндірілетін Rock Box пайдалы. Сакураны отырғызу – достық символы. Біз болашақта тарихи қала Киотаның экостилінде нағыз жапондық мейрамхана ашуды жоспарлаудамыз, 3 миллионға жуық долларды жұмсай отырып, жағалауды бекіту жұмыстарын жалғастырамыз», – деді Сато Казунори.

Айта кетерлігі, қаланы дамыту жөніндегі бір кеңесте Елбасы мегаполисте жасыл желек қорын ұлғайтуды тапсырған еді. Қабылданған «Jasyl Meken» жасыл бағдарламасы  аясында Алматыда өткен демалыс күндері 7 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Олардың арасында қайың, шаған, емен, шырша, жөке және басқа да ағаш түрлері бар. Жалпы, биылғы көктемде 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *