«Сайт керемет, Салах азамат!»

«Алматы ақшамы» газетінің 2018 жылғы мамыр айындағы мақалаларын фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушылары талқы­лайды.

 

2018 жылдың наурыз айынан бастап газетіміздің сайты жаңарды. «Алматы ақшамын» көбінесе ғаламтордан, әсіресе смартфон арқылы оқитын оқырмандар бұрын сайттың кейбір қолайсыздықтары туралы айтып, оның жұмысын жетілдіруді сұрап жататын. Міне, сол өзгерістердің сәті көктемнің алғашқы айында түсті. Сайт сапасының жақсарғаны, ашуға, оқуға ыңғайлы екені туралы разылығын айтып, алғысын білдіріп жатқан оқырмандар аз емес.Біраз уақыт кібіртіктеп қалған сайт жұмысы қайта жанданғаннан кейін біз газет мақалаларының фейсбук әлеуметтік желісі беттерінде қалай талқыланып жат­қа­нын қадағалауды әрі қарай жалғастыр­мақ боп шештік.

Газетіміздің сайтында, сондай-ақ фейс­бук әлеуметтік желісі беттерінде биылғы наурыз, сәуір, мамыр айларында мына мақалалар көбірек қаралыпты:

«Құрақ көрпе»– 300 рет оқылған, «Қуыр­шақ театры әлемге құшақ ашты» – 303, «Қош келдің, әз-Наурыз!» – 308, «7 мемлекеттен 147 биші келді» – 311, «Месси – 5, Роналду – 3» – 311, «Әскерде суицидке орын жоқ» – 312,  «Алматының өз Дис­нейленді болады»– 313, «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы»– 319, «Біздер – қазақ­тар, қызық халықпыз ғой» – 323, «План­шеттегі пәлен-пәштүген» – 327, «Дала, сенің ұлыңмын!» – 328, «Бұрынғы финал қай­талана ма?» –  334, «Әлімжеттік жасау­шылардың әлегі» – 346, «Сұлу әйел – еркектің соры» – 352, «Өлеңдері ел меншігіне айналған ақын» – 361, «Жағым­ды жаңалық көңіліңізді серпілтті ме?»– 369, «Қамқорлықтың нақты көрінісі»– 371, «Құман мен Меруерттің некесі қалай қиылды?»– 378, «Тәкең мен Жүкең» – 378, «Сексен жыл бұрынғы рекорд қайталана ма?» – 390, «Япыр-ай дегізген «Япурай»– 390, «Еліміз терең жаңғырулар дәуіріне қадам басты» – 391, «Астанада Әлішер Науаиға ескерткіш орнатылады» – 393, «Биыл 14 шақырымға жуық су құбыры мен кәріз жүйесі жөндеуден өтеді»– 400, «Бірлік пен бірегейлік салтанаты» – 404, «Құдайға қай тілде жалбарынасыз?»– 411, «Мықты кәсіпкер болу үшін дұрыс бағыт пен қолдау керек» – 411, «Менің жанрым —  күнделік» – 416, «Сақтансаң ғана сақтай­ды» – 416, «Ғылымның еңбекторысы» – 419, «Биыл 30 оқулық аударылып, оқыр­манға жол тартады» – 424, «Тегін медици­налық қызмет пакетін қайта қарау қажет» – 424, «Асылы көкте Құдайдан, жерде қазақ­тан қорқамын» – 433, «Кенен мен Мұхтар» – 449, «Халық әні жаныма жақын» – 466, «Әрбір ісімізде біз прагмат болуы­мыз керек» – 468, «Маралтайдың «Көңіл көктемі» – 471, «Тағамды дұрыс таңдаңыз» – 482, «Наурыз мерекесі жаңа форматта өтеді» – 488, «Айтматов пен Ақматәлиев» – 488, «Бойына ойы сай азамат» – 492, «Жамбыл мен Кенен» – 508, «Қара өлең – ол да бір бесік» – 509, «Бір қайы­ры бар дүние» – 529, «Ажалдан арашалап алған өнер» – 531, «Жұлдыздар жарығы» – 558, «Реал Мадрид – 13 дүркін чемпион!» – 564, «Армения билігіндегі бетбұрыс» – 585, «Ұлттық арна – менің өмірім» – 589, «Ақылы асқан» бес шаһар» – 594, «Малда жазық жоқ…» – 612, «Табыл­ды тауы» – 630, «Жер мен көктің арасы» – 666, «Ажырасу идеясының 80 пайы­зы әйелдерге тиесілі» – 677 рет оқылған.

Ал ең көп оқырманның назарына іліккен, сөйтіп, ғаламтор жүйесін пайда­ла­натын жұрттың ыстық ықыласына бөлен­ген көктемгі үш айдың үздік жарияла­нымдары мыналар: «Патриотизм ұстап тұрған ел» атты мақаланы – 757 адам, «Мен кинодан кейін күлмейтін жанға айналдым» деген жарияланымды – 2 789 адам оқыған. Ал «Мұхаммед десе, Мұхаммед екен!» атты материалды – 4 967 адам оқып, өз ойларын білдірген.

Пікірлердің бірсыпырасы төменде жария­ланып отыр. Алдағы аптада Ресейде әлемдік футбол чемпионаты басталатын­дықтан, басты назар сол доп додасына ауып жатқаны да түсінікті шығар:

 

«Сексені қатысып, сегізі чемпион болған…»

(«Алматы ақшамы»,  17 мамыр, 2018 жыл)

 

Нұрлан Тұяқов: Әрине, Мексика «ең көп жеңілген команда» болады, өйткені, әлем чемпионаттарына үзбей, тұрақты қатысады ғой.

Берікбол Төлеген: Сайт керемет жаса­лыпты! Бұрын мақалаларыңызды оқи алмай қиналушы едік. Енді жақсы болды.

Ержан Қайсар: Кезінде финалда ұтылған командаға құр күміс емес, алтындатылған күміс медаль бергені қызық екен. Меніңше, сол әділ сияқты. О байғұстар да өліп-талып финалға шықты ғой.

 

«Мұхаммед десе, Мұхаммед екен!»

(«Алматы ақшамы», 17 мамыр, 2018 жыл)

 

Aman Tumagalіyev: Керемет, Мұхаммед Салах! Адамның атын кім қойсаң, соған лайық болады деген осы да!

Yerkіn Sarmurzіn: Нағыз азамат екен!

Бақыт Мақсатұлы: Үйіне түскен ұрыға да қолұшын беретін осындай адамдар да бар екен-ау,ә? Бұл ғана емес… оның өзгелерге ой салатын басқа да істері көп екен. Жаса, жігіт!

Suleymen Zhumataev: Футболға деген жаңа махаббат сыйлады ғой мына сабаз!

Бейбіт Қазыбеков: Египеттің алғашқы ойыны 15 маусым екен. Сол күні ораза да бітіп, айт басталады. Яғни Мұхаммед Салах­тың аузы ашық, күш-қуаты бойында болады.

 

«Әлімжеттік жасаушылардың әлегі»

(«Алматы ақшамы», 24 мамыр, 2018 жыл)

 

Серікқали Тойшиев: Бразилия осыдан төрт жыл бұрынғы есені қайтара алар ма екен Германиядан? Маған сол қызық…

Nurіslam Quspanalі: Жеңуі мүмкін, бірақ дәл сол есепті қайталай алмайды-ау. Немістер де жеті бірдей доп жібере қоймас.

Ғалым Қожабек: Неміс «машинасы» мықты ғой. Бразилия Германиядан осы ғасыр ішінде қарымта қайтара алса, қуанарсыңдар…

Асхат Айтбайұлы: Бразилия мен Германия биыл екі жағдайда ғана кездесе алады: 1) егер өз тобында бірі 1-орын, бірі 2-орын алса: 2) финалда. Басқаша жолдары түйіспейді.

Aqan Serіk: Мен Бельгия бәрін жеңіп шығады деп бәс тігем. Осы жолы жолдары болатын шығар-ақ. Егер бұлай болмай жатса, финалда Аргентина мен Португа­лияны көргім келеді. Не Месси, не Роналду чемпион болсын!

Мықтыбек Оразтайұлы: Бүкіл тари­хын­да бір ғана ойын өткізген құрама да бар екен (Индонезия).

 

«Маркес Маттеустің қатарына қосыла ма?»

(«Алматы ақшамы», 31 мамыр, 2018 жыл)

 

Әділет Мұқатай: Бұл, бәлкім, Месси мен Роналдудың соңғы чемпионаты шығар, кім біледі…

Біржан Асанұлы: Қайдам. 2022 жылы Роналду 38-де, Месси 35-те болады екен. Дені сау, бабы келіп тұрса, келесі чемпио­натқа да баруы мүмкін бұл екеуінің!

Қырықбай Ұзақбайұлы: Мессидің баруы әбден мүмкін. Оның негізгі дарыны – алаңды көре білуі һәм сол көреген­дігімен қолмен қойғандай пас бере білуі ғой. Ал Роналдудың секірісі, шапшаңдығы 38-ге келгенде біраз нашарлайтын шығар. Бірақ әуелі Алла қалап, аман-есен жетіп алсын сол уақытқа…

Ержеңіс Әбді: Мессиде мүмкіндік бар, қырсықтан аман болса…

Danіel Rіmbek: Криштик 38 жасында да шалқалай теуіп, ғажайып гол салып жүре беретін сияқты елестейді менің көзіме.

Серік Ерсейіт: Менде осы футболға қатысты бір ой бар. Өзім аса қатты фанат емеспін.Бірақ бізде фанаттардың көп екенін білемін. Әрқайсысы әр командаға жанкүйер. Еуропа командаларының ойы­нын теледидардан көрсетіп жатады. Мысалы,«Реал» мен «Атлетико» ойнап жатыр делік. Екі команданың да жан­күйерлері көріп отыр. Біздегі коммента­тор­лардың бір команда гол соқса «Го-о-ол!» деп ышқына айқайлайтыны несі екен? Егер Қазақстан командасы ойнап жатса, гол соқса – бір жөн. Бүкіл қазақстандық әлгі комментатормен бірге айқайлап, шатта­нады. Ал бұл жерде қазақстандықтардың жартысы қуаныштан айқайласа, жартысы командасы гол жіберіп қойғандықтан қайғырмай ма? Ал қазақ теледидары екі жаққа да бейтарап болуы тиіс қой. Сондықтан олай айқайламай-ақ, жайырақ, байсалдырақ хабарлағаны жөн сияқты.

 

Топтаманы әзірлеген —

Сәкен СЫБАНБАЙ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *