«САЙРАННЫӉ» ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСТЫ тұрғын үй кешенiн аяқтау үшiн 19,3 млрд. теңге қажет

Ермұхамед МӘУЛЕН
Алматыда қала Әкiмi Ахметжан Есiмовтiң төрағалық етуiмен «Сайран» тұрғын үй кешенiнiң құрылысына қатысты көшпелi кеңес болып өттi.
2008 жылы қаржы дағдарысына байланысты «KUAT» корпорациясы» жүргiзiп жатқан бiрқатар тұрғын үй кешендерiнiң құрылысы тоқтап қалған болатын. 2009 жылдың мамыр айында Алматы қаласының әкiмдiгi, «Самұрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «KUAT» корпорациясы» АҚ өз күштерiн бiрiктiре отырып, «Сайран» тұрғын үй кешенiнiң мәселесiне қатысты бiр шешiмге келген едi. Яғни, төрт жақты меморандумға қол қойылып, нәтижесiнде «Global Building Contract» ЖШС пайда болды.

Осы компания «Сайран» мегаауданындағы «2-квартал», «20-квартал», «29- квартал», «42-квартал» атты құрылыс кешендерiн салушы әрi ұйымдастырушы болып табылады. Қазiргi кезде осы төрт нысанда 899 үлескер бар. «Сайран» мегаауданындағы «2-квартал», «20-квартал», «42- квартал» құрылыстарын одан әрi жүргiзу үшiн 19,3 млрд. теңге қажет. Қала Әкiмi биыл Алматы үлескерлерi мәселесiн толық шешуге мүмкiндiк бар екендiгiн айтты. Бiрақ, ол үшiн Үкiмет тарапынан тиiстi қаржы уақтылы бөлiнуi тиiс. «Барлық жұмыстар белгiленген кесте бойынша жүрiп жатыр. Ең бастысы – құрылыстың дер кезiнде қаржылануы. Бiз үлескерлер мәселесiн шешуге тиiспiз. Бұл мiндеттi Қазақстан Республикасының Президентi Алматыда болған кеңесте алдымызға қойған болатын», — дедi Ахметжан Есiмов. Алматы қаласының Әкiмi Шығыс айналма жолының құрылыс барысымен танысты. Қазiргi кезде құрылыс жүретiн жердегi тұрғын үйлер бұзылуда. Бiрқатар учаскелерде жер қабаттары жасалып, жиектердi бекiту, жасылдандыру, жасанды қондырғылар орнату жұмыстары қарқынды жүрiп жатыр. Шығыс айналма жолының құрылысы үстiмiздегi жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *