«Сайран» автовокзалы жанындағы алаң мен «Тастақ» базары қайта жасалады

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Төле би көшесі бойымен жүріп өтіп, «Сайран» автовокзалын рекон­струкциялау мен «Тастақ» базарын қайта жасау жұмыс барысын тексерді.

«Сайран» автовокзалының меншік иесі қала басшысына нысан айналасын одан әрі дамытудың алдын-ала жасалған концеп­циясын көрсетті. Мұнда автовокзалдың көлік логистикасын түгел жаңарту және вокзал маңын субұрқақтар мен кафе, жасыл желектер мен балалар алаңы арқылы абаттандыру жоспарланған.

Аталған аймақта қазірдің өзінде заңсыз салынған құрылыс нысандары алынып, ғимараттың сырты жаңаруда. Мегаполис басшысы автовокзал маңы көпішілікті өзіне тартатын шағын аудан болуы тиіс екендігін атап өтті.

– «Сайранды» тез арада қайта жасап, оның айналасын абаттандыру қажет. Авто­вокзал жолаушылары ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да біздің бұл жерді қашан ретке келтіре­тінімізді асыға күтуде, – деді Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары кезінде қала әкімі Төле би көшесі бойымен жүріп өтіп, «Тастақ» әмбебап базарын жаңғырту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар легін тексерді. Сауданы заманауи форматқа көшіру мақсатында базар иелері 450 млн. теңге инвестиция бөлген. Бүгінде жалпы аумағы 4,2 мың шаршы метр болатын екі қабатты нысан салынып, шілде айында оған кәсіпкерлердің басым көпшілігі көшіріледі. Осыдан кейін базардың екінші кезегі реконструкцияланады деп күтілуде.

Дәл сол күні шаһар басшысы Абай даң­ғылы бойында салынып жатқан «Алма­тыбасжоспар» нысанының құрылысымен танысып, Республика алаңын қайта құру жұмыстарын көріп қайтты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *