Сайлаушылардың дауыс беруіне барлық жағдайлар жасалды

Кеше «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу тұғырнамасының мүшелері кезектен тыс Президент сайлауының барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Оған «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу тұғырнамасының жетекшісі Қ.Шайх, қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Аманат» тұғырна­масы­ның атынан бақылау­шылар тобында болған А.Шөпшекбаева, А.Белянов, дүнген-мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ә.Войние қатысты.

 Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Жиынды «Аманаттың» жетек­шісі Қалыбек Шайх ашып, Ал­маты қаласы мен еліміз аймақ­тары бойынша жүргізілген жұ­мыстардың нәтижелерімен таныс­тырды. Ол өз сөзінде сайлауға мониторинг жүргізу тұғырнамасы мүшелерінің сайлау алдындағы және сайлау кезінде атқарылған жұмыстарына тоқталды. Тұғыр­нама мүшелері өздері құрылған күннен бастап сайлау туралы және сайлау­шы­лардың құқық­тары мен міндеттері туралы отыз­ға жуық ақпараттық, түсіндірме және насихаттық бағыттағы іс-шара өткізгендерін, оның бе­сеуінің республика дең­гейінде ұйымдастырылғандығын айтты. Сайлау барысын «Аманат­тың» мыңнан астам бақылаушылары қадағалау мүмкіндігіне ие болыпты. Сайлау болған күні бұл ұйымның бақылаушылары өз жұмысын таңғы бестен бастаған аманаттықтар дауыс беру кезінде өрескел заң мен тәртіп бұзу­шылыққа жол берілмегендігін атап өтті. Әйтсе де, дауыс беру кезінде «Аманат» сайлауға мони­торинг жүргізу тұғырнамасының бақылаушылары 8 сайлау ереже­сінің бұзылғандығын байқаған. Бірақ Қалыбек Шайхтың айтуын­ша, ол кемшіліктер бір адамның өзінің отбасы үшін дауыс беруге келгені, дауыс беру кабинасына ерлі-зайыптылардың бірге кіріп кетуі секілді жай ғана ескерту­лерді қажет ететін кемшіліктер болғандығын айтты.

Сондай-ақ, «Аманаттың» мүше­лері бұл сайлаудағы тағы бір айырықша жағдай – мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп, олардың өз таңдау­ларын жасауларына мол мүм­кіндік берілгендігіне мән берді. Бұл сайлаудағы жаңалық­тың бірі – дауыс беру кезінде сайлау учаскелерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары өкілдерінің қызмет көрсетуі болды. Олар қай сайлау учаске­сіне барып дауыс беруді білмейтін кейбір сайлау­шыларға учаске­лерін мекен-жайы анықтамасы арқылы анықтауға көмектесті. «Аманат» мүшелері болашақта осы жүйені бірыңғай ақпараттық жүйеге көшіріп, сай­лаушылардың кез-келген аймақта жүріп дауыс беруіне мүмкіндік берілсе деген ұсыныстарын ортаға салды. Жал­пы, «Аманат» мүше­лері елімізде кезектен тыс Перзи­дент сайлауы­ның ойдағыдай өткенін, сайлау­шылар өзі қалаған кандидат­тарына дауыс беріп, өз таңдау­ларын жасауға толық мүмкіндік беріл­гендігін айтты. Халық өз таңдауын жасап, тағдырын жаңа Президентке тапсырмақ. Елдің сол үміті ақталса деп тілейміз біз де.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *