Сайлаушылардың белсенділігі жоғары

«Нұр Алатау» ықшамауданындағы № 559 учаскеде дауыс беру науқаны таңғы 7-ден басталды. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Мұнда тұрғындардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Сайлаушылар өз отбасымен бірге мерекеге келгендей мәре-сәре болып, өздерінің таңдаған үміткерлеріне дауыс беруде.
Аталмыш ықшамауданда 2 мыңнан аса сайлаушылар тіркелген екен. Түске дейін олардың басым көпшілігі дауыс беріп үлгерді.
— Біздің учаске таңғы 7:00-де Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Бұл сайлауда тұрғындардың белсенділігі артып отыр. Барлығы көтеріңкі көңіл-күймен келіп, дауыстарын беруде. Жалпы мен мұндай сайлауларға бірнеше рет қатысқан адаммын. Бірақ биылғы сайлау ерекше өтіп жатыр. Тіпті мүгедектердің үйіне дейін арнайы жәшікпен барып, дауыстарын алдық, — дейді № 559 учаскедегі сайлау комиссиясының мүшесі Қалан Досқожаев.
Айта кетейік, сайлау комиссиясының мүшелері қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенованың арнайы үйіне барып, өз үміткеріне дауыс беруіне мүмкіндік жасады. Осы тұста Бибігүл Ахметқызы ел өміріндегі маңызды оқиға туралы пікірін білдірді.


— Әрбір қазақстандық сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Біздің отбасы мұндай маңызды науқаннан қалыс қалып көрген жоқ. Өйткені тәуелсіз еліміздің ертеңі, балаларымыздың болашағы біз қабылдаған шешім­дерге байланыс­ты, – деді КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова.
Жалпы мұнда сайлау ойдағыдай өтуде. Ешқандай заңбұзушылықтар орын алған жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *