САЙЛАУДА СЕРГЕКТІК ТАНЫТАЙЫҚ

«Тұран» университетінің мәжіліс залында Алматы қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Прези­дент сайлауын өткізу туралы Үндеуіне үн қосқан алқалы жиын болып өтті.

Мәжілістің алғы сөзін Алматы қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы, «Тұран» универ­ситетінің ректоры Рахман Алшанов бастап, Мемлекет басшысының дер шағында маңызды шешім қабылдағанын және сайлауға әрбір адам аса  жауапкершілікпен қарау керек екенін айтты. Сондай-ақ, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың сара жолының арқасында Қазақстанның әлемдік аренада зор маңызға ие болып отыр­ғанын да тілге тиек етті. Рахман Алшанұлының бұл сөзін құптаған «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы дирек­торлар кеңесінің мүшесі Икрам Адыр­бекұлы Нұрсұлан Назарбаев Астана­ның ғана емес, әлем алдында елдің, халық­тың беделін көтерді деп санайтындығын атап айтты. Сонымен қатар, Қасым-Жо­март Тоқаевтың да еліміздің ішкі жағдайын ғана емес, сыртқы экономикасы мен саясатын жетік білетін басшы ретінде бүгінгі таңда өз лауазымын тиісті деңгейде атқарып отырғанын қоса кетті.

Ал «КазРЕНА» Қазақстанның ғылыми және білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры Борис Джапаров соңғы жылда­ры алматылықтардың Президент сайлауы кезіндегі белсенділіктері төмен екеніне тоқталып, сайлауда халықтың барынша қамтылуын қолға алу керек деді.

Иә, бұл сайлауда, ең алдымен, сайлау­шы­лардың, яғни біздің жауапкершілігіміз керек. Өйткені, біз өз тағдырымызды, өз болашағымызды, Қазақстанның келешегін сайлаймыз. Сондықтан қоғамдық кеңес мүшелері отандастарды алдағы сайлауда сергектік танытып, ел тарихындағы тағы бір тағдырлы оқиғаға жауапкершілікпен қарап, белсене қатысуға шақырып отыр.

Жазира ПІРІМҚҰЛ,

«Тұран» университеті Журналистика мамандығының 3-курс студенті.

 

Кезектен тыс Президент сайлауын қолдаймыз

Қазақстан Пре­зи­денті Қасым-Жо­март Тоқаев 9 сәуір күні еліміздің бола­шағына қатысты ма­ңызды үндеу жария­лады. Ол өз Үндеуін­де Қазақстан халқы­на кезектен тыс Пре­зи­дент сайлауы ағым­­­дағы жылдың 9 мау­сым күні өте­тіндігін хабарлай отырып, бұл сайлаудың ел ертеңі үшін қажетті қадамдардың бірі екендігін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған Үндеу­ін­де: «Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіз­дігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым», – дей келіп, қазақ елінің тарихындағы Елбасының орнын атап өтті. Расымен де, осы жылдары мемлекет тағдыры сынға түскен сәттің бәрінде Елбасы барлық сынақтан сүрінбей өтті. Елдік пен мемлекеттіліктің туын тіктеді. Қазақ елінің мәртебесін биіктетуге бар күшін салды. Елбасының  дана шешімінің арқасында билік сабақтастығы ешбір дүрбелеңсіз, шиеленіссіз жүзеге асты. Бұл болашақ үшін мемлекеттің тұрақты­лығы мен дамуы үшін жасалған бірегей қадам екенін ұмытпауымыз керек. Біздің ендігі міндетіміз – осы жолдан, осы бағыт­тан ауытқымай, тек алға басу, өсу, өркен­деу. Жетістіктерімізді еселеп, Елбасы айқын­дап берген бағытты жалғастыру.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға барша­ңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры сіздердің шешім­деріңізге тікелей байланысты», – деп көрсетті Мемлекет басшысы. Осы Үндеу арқылы  жүзеге асырылып жатқан мемле­кеттік саясаттың мән-мақсаты халыққа нақты әрі ұтымды жетеді деген сенімдеміз.

Гүлжан БЕКЕНОВА,

№169 мектеп-лицейінің директоры,

«Білім пт 169» БПҰ-ның төрайымы.

 

Елін сүйетін азаматқа таңдау жасайық

 Қазақстан Республикасы тәу­ел­сіздікке қол жеткізген жылдарға дейін қилы заманды бастан кешірді. Және бүгінгі күніне оңай еңбекпен қол жеткізген жоқ. Үкімет басына отырған тұлға­лар­дың сарабдал салиқалы саясаты, ұстанымы, бейбітшілікті сүйетін адал қасиеттері арқасында халқы­мыз мамыражай, тыныш өмір сүруде. Олар болашақ ұрпаққа үлгі болатын игі істер жасауды еш тоқтатқан емес. Яғни біздің халқымыз бала тәрбие­сінде үлкенді сыйлау, жақсылық жасау сияқты асыл қасиеттерді әр баланың жасынан бойына сіңіріп өсірген.

Сондықтан қазақ халқына айтарым, біздің нар тұлғалы азаматтар ешқашан халқын қиын жағдайда тастамайды, ал ол азаматты таңдау біз бен сізге байла­нысты деп ойлаймын. Мен өз Отанымның тағдырына бей-жай қарамайтын азамат ретінде, Үндеуді толық қолдаймын және ел басқаруға адал, өз елін сүйетін, қызметіне жауапты қарап, жауапкершілік таныта алатын Президент келсе екен деп тілеймін. Баршаңызды сайлауға қатысуға шақырамын.

 

Рима АБДИКАРИМОВА,

№152 мектеп-гимназия директоры, «Жігер» БПҰ-ның төрайымы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *