Сайлау учаскесінің жұмысы жанданып тұр

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Сайлау – әлемде үлкен қызығушылық тудыратын мемлекеттің ең басты саяси оқиғаларының бірі. Бүгін әлемдік қауымдастық еліміздің саяси және әлеуметтік өміріндегі болып жатқан іс-шарасын жіті қадағалап отыр. Бұл сайлау өте бәсекелі болып тұр, оған түрлі саяси бағдарламалар ұсынған жеті кандидат қатысып отыр. Сайлау кезінде ел болашағына алаңдайтын әрбір сайлаушы жауапкершілікті жан-тәнімен түсінетіні байқалды. Өйткені, Республика Президентін сайлау – біздің баршамыздың тағдырымызға тікелей қатысы бар маңызды оқиға. Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан Республикасы үнемі алға жылжып, өзіндік даму жолын тауып, әлемдік қауымдастықта лайықты орын алып отыр.
Бұл сайлау – елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, әлеуметтік-саяси жаңғыруға, әлемнің озық елдері қатарына қосылу жолында жаңа демократиялық еркін болашақты құруға мүмкіндік бермек. Сайлау еліміздің алдында тұрған барлық міндеттерді табысты шешу үшін халықты шоғырландыру процесіне серпін бергендігі байқалды.
Біз танысқан №176 сайлау учаскесінде материалдық-техникалық жабдықтау, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасау мәселесі алдын-ала ойластырылып қойылыпты. Сайлау учаскесінің төрайымы Мүсәпірова Бибінұр Бақбергенқызы бізге сайлау науқанына әзірлік жұмыстарының барысы туралы және сайлаушылардың бүгінгі белсенділігі туралы айтып берді. Учаскеде жинақылық пен ұқыптылықтың оң көріністері бірден байқалды. Мұнда 2001 сайлаушы тіркелсе, денсаулық жағдайына байланысты 10 адамнан өтініш түсіпті.
–Біз сайлауға байланысты барлық жағдайларды қарастырдық. Сайлауға алғашқы рет дауыс берген екі азаматтың алғашқы қадамына сәт сапар тілеп, арнайы дайындаған сыйлығымызды тапсырдық. Сондай-ақ, сайлау күні 2 сайлаушымыздың туған күніне сай келгендіктен, оларға да есте қаларлық сыяпат жасадық. Ең үлкен сайлаушымызды да назардан тыс қалдырмадық. 93 жастағы қарт сайлауға өз аяғымен келіп дауыс бермек. Ол кісіге де тапсырар сыйымыз бар, — деді сайлау учаскесінің төрайымы.
Ғимараттың бірінші қабатында орналасқан бөлмеде дауыс беруге арналған қажетті орындар заң талаптарына сай орналастырылған. Жарықтандыру жағы да көңілден шығады, ыңғайлы кіреберісте де сайлаушылар үшін барлық жағдайлар ескерілген. Ең бастысы, сайлау учаскесі сайлаушылар үшін барлық ұйымдық-ұжымдық процедураларды жан-жақты қарастырған.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *