Сайлау күні барлық автобуста тегін жүресіз

Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті сайланатын күні, яғни 9 маусымда қоғамдық көліктерде жүру ақысы тегін болады. Осы мақсатта сол күні «Ашық есік күні» әлеуметтік акциясы ұйымдастырылмақ. Акция аясында шаһардағы метрополитен мен барлық қалалық көліктер бағыты өздеріне тиесілі әдеттегі кесте бойынша ақысыз қызмет көрсетпек.

«Бұл күні алматылық 700 мыңнан астам тұрғын тегін жол жүру мүмкіндігіне ие болады деген болжап жасап отырмыз. «Ашық есік күні» акциясын тасымалдаушы тараптың тұрғындарды әлеуметтік жағынан қолдап отырған ізгі ниеті деп қабылдаған жөн. Ал мұндай мүмкіндік сайлаушылардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін көтеретіні сөзсіз», – дейді Алматы қалалық жолаушыларды тасымалдау кәсіпорындары ассоциациясының өкілдері.

Осы орайда айта кетейік, тасымалдаушы компа­ниялар биыл шаһарға тағы да 430-дан астам жаңа автобустар әкеледі. Ал бұған дейін, жыл басынан бері Алматы жолдарына 156 жаңа автобус шыққан болатын. Олар бүгінде жолаушысы ең көп №65, №31, №60, №81 және №14 бағыттары бойынша жүйткіп жүр.

Жалпы, Алматыдағы көлік реформасын жүзеге асыру шеңберіндегі іс-шаралар нәтижесінде соңғы екі жыл ішінде қаланың автобус паркі 80%-ға жаңарған. Енді бұл көрсеткіш осы жылдың соңына дейін 90%-ға өседі деген болжам бар.

Сөз соңында сайлау күнгі акцияға қатысатын автобустар бағытын тізімдей кетейік: №1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 36, 37, 38, 40, 41, 44, 45 46, 47, 48, 50, 51, 52, 54, 56, 57, 59, 60, 62, 63, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 77, 78, 79, 80,81, 85, 86, 88, 92, 95, 98, 99, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 111, 112, 113, 115, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 135, 137, 141, 201, 202, 203, 104а, 109а, 131а, 29р, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 1-тп, 5-тп, 7-тп, 9-тп, 11-тп, 12-тп, 19-тп, 25-тп.

 

  АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ

    МОБИЛЬДІЛІК БАСҚАРМАСЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *