Сахна төрінде – Айман Мұсақожаева

2 сәуірде, сағат 19.00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Астананың 20 жыл­дығы мен Қазақ Ұлттық Өнер универси­тетінің мерейтойына арналған «Айман Мұсақожаева ұсынады…» атты концерт өтеді. Классикалық музыкаға толы кеште сахна төрінде өнер көрсететін Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақ­станның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева скрипканың әуезді әуенімен көрермен көңілін көктем күйге бөлейтін болады. Сазды кеште сан түрлі аспаптарға жан біті­ретін дарынды дирижер – Михаил Юров­ский. Шет ел классикасының музыка жауһарлары орындалатын кеште атақты «Академия солистов» мемлекеттік оркестрі үздік шығармаларын тыңдарман назарына ұсынады. Концерт бағдарламасында Р.Вагнердің «Нюрнбергские мейстерзин­геры» операсына увертюра, С.Прокофьевтің Оркестрмен орындалатын №1 скрипкаға арналған Ре-Мажор ОР. 19 концерті, Ф.Шуберттің 9 симфониясы («Большая»), До Мажор, D 944 шығармалары орында­лады. Талантты музыканттардың қаты­суы­мен өтетін сазды кешті өткізіп алмаңыздар!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *