САДЫҚОВ БОЛАТ НҰРМЫРЗАҰЛЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

2137Алматы қалалық мәслихат депутаттығына Медеу ауданының №31 сайлау округінен кандидат

Ардақты алматылықтар! Құрметті сайлаушылар!

Мен «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамда халық жанашыры ретінде өзімді толған­дырып жүрген кейбір мәселелерді айтқым келеді. «Нұр Отан» партиясының соңғы съезінде әрбір алматылықтың жүре­гіне жақын доктрина әзірленді. Мен Алматы тұрғындарының өмірін жақсартуға бар күш-жігерімді жұм­саймын.

Өз негізінде мықты экономика — әр жеке отбасы экономикасымен, әр үйдің бере­кесімен анықталады. Адамдарға көмектесу және осы мақсаттарға жету — қалалық мәсли­хат депутаттарының басты мақсаты.

Жас мамандарға, медицина қыз­мет­керлеріне, мұғалімдерге және мемлекеттік қызметкерлерге арнал­ған жатақханалар, жалға берілетін пәтерлер құрылысының салынуы, олардың еңбек өнімділігін және материалдық игілігін арттыруға ынталандыру болып табылады. Тұрғын үй мәселесінің шешілуі халықтың бұл бөлігі үшін олардың еңбек өнімділігі өсуінің мықты стимулы, отбасылық қатынастарды нығайту және бала туу көрсеткішінің өсуі болып табылады.

Білім беру мен ғылымды дамы­туға, бюджеттік қаржыландыру көзі есебінен халықтың денсаулығын сақтауды күшейтуге бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Алматы қаласы тұрғындарының белсенді еңбек қабілеттілігін қамтамасыз ету басты назарда болмақ, себебі, бұл – адам игілігінің маңызды факторы болып табылады.

Балаларды, мүгедектерді, зейнет­керлерді, жұмыс істемейтін әйел­дерді, халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау – әр депутаттың борышы.

Халықтың орташа еңбек табы­сына сәйкес жылудың, су және электр энергиясының бағасын тұ­рақтандыру мүмкіндігіне қол жеткізу.

Әрбір алматылық қауіпсіз өмір сүруі тиіс және ол конституциялық кепіл­дендірілуі шарт, сондай-ақ, коррупция мен терроризмнен қор­ғалуы тиіс. Құқық қорғау орган­дарының жұмыс тиімділігін арттыру үшін барлық мүмкіндіктер жасау.

Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтардың бірлігі мен теңдігін идеологиялық қоғам негізінің принциптеріне сай құра білу, бейбітшілікті сүю, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ояту.

Менің осы бағдарламамда ай­тылған мәселелер біздің әрқайсы­сымызға түсінікті әрі жүрегімізге жақын. Мен де, Сіздер сияқты туған еліміз бен сүйікті қаламызды шын жүрегіммен жақсы көремін. Егер мен депутат ретінде сайланар болсам, Алматы және алматылықтардың мүддесін барлық деңгейде нық сеніммен көрсете аламын.

Мақаланың ақысы үміткердің сайлау қорынан төленді.

 

САДЫҚОВ БОЛАТ НҰРМЫРЗАҰЛЫ

Садықов Болат Нұрмырзаұлы 1957 жылы Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келді. 1980 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін тәмәмдады. 1981 – 1987ж. Талғар «АОА» хирургі. 1987 – 1992ж. Талғар «АОА» бас дәрігердің орынбасары, 1992 – 1999ж. Талғар «АОА» бас дәрігері болды. 1999-2000ж. «Талғар аудандық Денсаулық сақтау» Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директоры, 2000 – 2004ж. «Талғар АОА» МҚК директоры. 2004 – 2008ж. Алматы облысы әкімінің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 01.12.2008-10.02.2011ж. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің жауапты хатшысы болды. 2011ж. БДҰ кеңесшісі. 2013ж. Алматы қаласы шаруашылық жүргізу құқығындағы «№5 ҚКА» МҚК бас дәрігері. Жалпы еңбек өтілі – 27 жыл. Мемлекеттік қызметте – 16 жылдан астам уақыт жұмыс атқарған. Жоғары санатты хирург. 2001 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 2008 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 2007 жылы Ресей академиясы медико-техникалық ғылымдарының академигі. 1987 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, 2001 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2003ж. «Шапағат» медалімен, 2005ж. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2006 жыл. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *