Сақтар өмірін өз көзімізбен көргендей болдық

Құттыбек АЙМАХАН

 

Естеріңізде болса, биылғы есеп беруінде қала әкімі Бауыржан Байбек туризм саласын дамыту жайында «Бүгінде елімізге келетін әрбір екінші шетелдік турист Алматыға ат басын бұрмай кетпейді. Бұл ретте туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралар қалаға ағылған туристер легін 20 пайызға көтеріп отыр. Тіпті, халықаралық «Trіp Advіsor» сайтының айтуынша, Алматыға деген қызығушылық 40 пайызға өскен екен» деп атап айтқан еді.

Әрине, Алматыда туризмді дамытудың мүмкіндіктері зор. Осы ретте қаланы қоршаған таулар мен жасыл желекті табиғат сұлулығына сөз жетпейтіні анық. Мысалы, бұл ретте бізге сонау темір ғасырынан жеткен Боралдай сақ қорғандары ескерткіші туралы да көп айтуға болады. Өйткені, ол көне заман көзіндей болып қалған шаһар аумағындағы бізге дейін жеткен жалғыз мұра. Сондықтан да осы мамыр мерекелерінде біздер – бірнеше жолдастар аталған Боралдай сақ қорғандары мұражай паркін аралап қайттық. Сөйтіп, ол сақ қорғандары паркінен өзімізді таңдандырған көп жәдігерлерді көрдік.

Жалпы, Боралдай археологиялық кешені 47 сақ және үйсін қорғандарынан тұрады екен. Тіпті, оны бүгінде ашық аспан астындағы ашық мұражай деп те айтуға болады. Әрине, осы «сақ қорғандары паркін» туристер игілігіне айналдыру үшін онда әлі де көптеген жұмыстар жасалуы керектігін түсіндік. Соның ішінде ондағы алғашқы қайта жаңғырту жұмыстары қазірдің өзінде басталып кеткені байқалып тұрды. Сондай-ақ, алдымен көзімізге түскені Боралдай сақ қорғандры паркіне кіреберістегі қақпа жанында екі бірдей нысан салынып, келімді-кетушілер мен туристер назарына ұсынылып үлгеріпті. Оның бірі – сақ дәуіріндегі тұрғын үй үлгісінде жасалып, онда келгендер сақтар тұрмысымен дәл көзбен көргендей таныса алады екен.

Онда негізінен Есік қорымынан алынған Алтын адам мәйітінің моделі үлгі ретінде пайдаланылған. Әсіресе, әйнекпен бөлінген бөлмедегі сақ адамы қалдығының қаңқа-сүйектері, ішіп-жеуге арналған ыдыстар, қару-жарақтар, қыш-құмыралар, түу сонау өткен көне замандардағы сақтар дәуірінде жүргендей әсер береді. Онымен бірге салынған екінші нысан да қызықты артефактермен толтырылып, онда уақытты анықтау үшін күн сағаты орнатылып, тоқыма құрылғысы және басқа да көне жәдігерлер қойылыпты. Сондай-ақ, мұнда ежелгі ғұрып­тар мен мерекелерді өткізуге арналған текшелердің де жасалғанын аңғардық. Әрі бұл тұрғын-жай өзіндік ғибадатхана қызметін атқаратындай етіп, киізбен орала қапталған екен.

Сөйтіп, бұл нысандарды көріп, біз сақтар дәуіріне барғандай әсерде болып қайттық…

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close