Сақтансаң ғана сақтайды

«Алматытелеком» ӨТД төтенше жағдайларға қызметкерлердің  кезекті дайындығы өткізілді

Талды­қорған қаласы мен Алматы облысының аудандарында (Еңбекшіқазақ, Талғар, Қаратал, Ұйғыр, Жамбыл, Кербұ­лақ)  Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай «Алматытелеком» ӨТД қызметкер­лерінің төтенше жағдайларға  кезекті дайындығы өткізілді.

«Алматытелеком» ӨТД мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы жұмыс­тар  бөлімінің басшылығымен өткен іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдай­лар кезінде кәсіпорын қызметкер­лерін құтқарудың әдіс-тәсілдерін пысық­тау, экстремалды жағдайларда дәріс алушылардың сауатты әрекет етулерін дайындау, филиалдағы басқару және байланыс жүйелері мен хабар беру жүйелерінің сенімділігін тексеру, сонымен қатар ұйымдастыру жұмысының тұрақты­лығын арттыру болып табылады.

Аталған іс-шара барысында «Алматы­телеком» ӨТД мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы жұмыстар  бөлімінің қызметкерлері қатысушыларға адам өмірін құтқарудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудегі жіберілетін кейбір қателіктерді түсіндірді. Сондай-ақ, қайта қалпына келті­ру командасы мен көшпелі мобильді байла­ныс торабы командасының, сол сияқты көктемгі су тасқыны кезіндегі барлық құрылымдардың дайындығы тексерілді.

Іс-шара барысында дирекция қызмет­керлеріне Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс пен азаматтық қорғау» заңының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері және норматив­тік-құқықтық актілер мәселелері бойынша алдын алу және жою, дүлей зілзалалар, апаттар, «Алматыте­леком» ӨТД қалалық және аудандық желіжол-техникалық цехтарында Азамат­тық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу жұмыстары мен ТЖ жанындағы  құтқару комиссиясының  іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

«Іс-шараның басты мақсаты – біздің қызметкерлерді әр түрлі жағдайлар: жер сілкінісі, ту сасқыны, сел, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде түрлі әдіс-тәсілдерге үйрету», – деп атап өтті «Алма­ты­телеком» ӨТД мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы жұмыстар  бөлімінің бастығы Самат Жанысбаев.

Мұндай жаттығулар «Алматытелеком» ӨТД-да тұрақты негізде өткізіліп тұрады және қауіпсіздік техникасы жөніндегі білімді арттыруға ықпал етеді.

 

Аймерек  САЙЛАУ,

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *