Сақ болсаң сақтайды

Нұрлан Жазылбеков, Алматы қоғамдық кеңес мүшесі

Қала әкімі тұрғындарға үндеу жариялап, елде алғаш рет енгізіліп отырған төтенше жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берді.

Коронавирустан туған әлемдік пандемия – халықаралық қоғамдастыққа ғана емес, халқымыз үшін де үлкен сынақ. Оның жер жүзіне өте жедел қарқынмен таралуы әлем жұртшылығын қатты алаңдатып отыр.   Оның үстіне аурудың асқынуынан   дүние салғандардың саны да күрт өсе түсуде. Мұның өзі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қабылдауға шақырып отыр. Елімізде жарияланып отырған төтенше жағдай бізді осыған міндеттейді. Аталған вирусқа қарсы күрестің басты шарттардың бірі – тазалық   сақтау.   Қазір осыған сай, қаламыздағы жолаушылар   тасымалдайтын көліктердің   ішін залалсыздандыру шараларының   қолға алынуы   құптарлық шара.   Өйткені қандай аурудың   да вирустары тазалық сақталмаған жерлерде өсіп-өнетіні белгілі.

Халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қатерлі сырқаттың алдын алып, оның кең етек алып кетуіне жол бермеу үшін бәріміз жұмыла   күрессек, алынбайтын асу болмайды. Мемлекет басшысының елімізде төтенше жағдай жариялауын халқымыздың тағдырын ойлайтын әрбір азамат қолдайтыны анық.

Алайда Президент айтқандай, еліміз мұндай зауалдың талайын бастан өткерген. Намыстан жаралған, береке-бірлікті ту еткен халқымыз   қабырға қайыстырар қиындықтарға да мойымай, бұдан да зор алапат   апаттардан аман шыққан. Халқымыз бұл жолы да төтеннен келген қиындықты жеңіп шығатынына   еш күмәніміз жоқ. Алайда мұндайда бейғамдыққа берілмей, үрейге бой алдырмай, прагматикалық   шешім қабылдау өз жемісін беретіні айқын. «Сақтықта қорлық   жоқ» деген. Дүниежүзілік денсаулық   сақтау ұйымы таратқандай, вирустың таралуын күтіп отырмай оған қарсы әрекетке көшкен жөн.

Алматы әкімінің   барлық атқарушы билік орындарына   әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша нарықтарда тауар интервенцияларын өткізу үшін тұрақтандыру қорларының тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсыруы ол халықтың жағдайын ойлаудан туындап отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *