Сөз зергерлері Арқа жерінде

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр. Сайысқа еліміздің 16 жоғарғы оқу орнынан 48 студент қатысуда.  

Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланған. Олимпиадаға телевизияның 60 жылдығы арқау болды. Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Мұхаметқали Әбдуов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жүктелген тапсырма бойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, журналистика пәндерінен бірнеше тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсуде.

Олимпиададан тыс уақытта студенттер мен оқытушыларға шахтерлар шаһарының көрікті жерлері, яғни, Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін аралауға мүмкіндік беріліп, олар Арқа жерінің тарихи жәдігерге толы құндылықтарымен жақын танысты Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге – 2000 жыл. Сондай-ақ, әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген..

Аслан ҚАЖИЕВ,

IT университеті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *