Сәуірде қаладағы тұрғын үй құны 3 пайызға төмендеді

Елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар тұрғын үй бағасын тұрақты етіп ұстауға септігін тигізе бастады. Мысалы, доллардың тұрақталуы – сырттан келетін құрылыс материалдар құнын түсіріп, қазірдің өзінде оның бағасына оң әсер етуде.

Атап айтқанда, биылғы сәуір айында Алматыдағы тұрғын үй бағасы 3 пайызға дейін арзандады. Одан қалды, бұл көр­сет­кіш алдағы уақытта тағы да 10–12 пайызға дейін түсуі мүмкін екен. Тіпті, Қазақстан риэлторлар қауымдастығының мүшесі Орынбасар Сатаевтың айтуынша, алдағы уақытта Алматыдағы жылжы­майтын мүлік құны тағы да құбылатын көрінеді. Былтыр қыста  сарапшылар баспана арзандайды деген болжам айтқан еді. Сол сөз шынға айналып, өткен сәуір айында Алматыдағы  жылжымайтын мүлік құны 3 пайызға дейін төмендеп кетті.

Жалпы, былтыр көктемде тұрғын үйге қатысты бірқатар мемлекеттік бағдарла­малар іске қосылған болатын. Соның ішінде «7-20-25», «Баспана хит» тәрізді бағдарламалар жүзеге аса бастады. Оған құрылыс компаниялары ерекше дайын­дықпен кірісті. Мысалы, құрылыс мате­риалдары бұрынғыдай шет елден шарық­таған бағада әкелінбей, шектеулі бағада сатып алынды. Содан барып тұрғын үй құны тұрақтала бастады.

Әрине, Алматыға келушілер саны әлі де көп екені жасырын емес. Осы орайда, 2012 жылы қала аумағы 11 900 гектарға дейін өссе, екі жылдан кейін қалаға тағы 16 200 гектардай жер қосылды. Ал сол жылдары қала халқы 1,3 млн. адам болған болса, қазір бұл көрсеткіш 1 млн. 850 мың адамға жетіп отыр. Осы орайда баспана тапшылығы әлі сақталуда. Оның үстіне былтыр жыл соңында доллар бағамы да күрт өсіп, ол жылжымайтын мүлік бағасын қымбаттауға алып келген еді. Сөйтіп, биылғы үш айда валюта бағамы тұрақталып, ол одан әрі үй бағасын 10–12 пайызға дейін төмендетуі мүмкін.

Негізі, Мемлекеттік бағдарламалар тұрғын үй бағасының шарықтап кетпеуіне әсерін тигізіп, өз талаптарын қойып отыр. Дегенмен, Астана мен Алматы секілді ірі қалаларға туристер көп келеді, сондықтан бағаны қазіргі деңгейде ұстап тұрамын деп айту қиын. Өйткені, бұл нарықтағы сұраныс өте үлкен. Оның үстіне валюта бағамының секіруі, құрылыс материал­дарының қымбаттауы да баспана құнына тікелей әсер етеді. Сол себепті, көп аймақтарда үй алу әлдеқайда жеңіл болмақ. Қазір сатып алушыларға төлемнің алуан түрі ұсынылған. Бірақ олардың көбі ипотекаға қарағанда бөліп-бөліп төлеуді көбірек таңдайтын секілді. Өйткені, оның пайызы жоқ болған соң артық төлемді жасамайды және белгіленген мерзімі де аз болып тұр.

Соңғы  5  жылда Алматының аумағы 23 900 гектарға өсті. Бұл ретте облысқа қарасты Қарасай ауданының 16 мың гектар жері қала аумағына еніп отыр. Оған алдағы уақытта қанша үй салынады және қазіргі таңда салынып жатқаны есептелу үстінде. Әрине, елде құрылыстың қарқынды жүріп жатқаны көрініп-ақ тұр.

 

Әзірлеген — Қ.Аймахан.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close