Сұлулық пен мейірімділіктің қайнары

Жыл сайын халықаралық вокалистер конкурсы өтіп, оған дүниенің түкпір-түкпірінен небір дүлдүлдер келеді. Биылғы конкурс өте ерекше жағдайда өтіп отыр. Өйткені, қазақ бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 90 жасқа келді. Бұл еліміздің рухани өміріндегі айтулы оқиға деуге болады. Біз бала жасымыздан апайдың қайталанбас даусын тыңдап өстік. Сонымен есейдік, рухани таныстық…

Әрине, қазақ өнерпазға кенде емес қой. Алайда, апайдың орны бір төбе.

Бибігүл Ахметқызы – сұлулық пен мейірімділіктің қайнары. Біздің бәріміз үшін үлгі, эталон. Толқығаным соншалық, апайға арнап өлең жолдарын да жаздым.

Айтпағым, аман жүріңіз апа! Сіз аман болсаңыз, қазақ елінің де мәртебесі биік болады. Осы тілегімді өзім сүйіп оқитын «Ақшамға» жолдағанды жөн көрдім.

 

Гүлжамал ДӘРКЕНБАЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *