СҰЛУ СПОРТ САЙЫСЫ

21–23 желтоқсан күндері аралығында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында көркем гимнастикадан турнир өтуде.

Сұлу спорт сайысына 400-ге жуық 2003–2011 жылы туған гимнасшылар қатысып жатыр. Жарыс үш күнге созы­лып, FІG ережелеріне сәйкес жекелей және топтық болып өтуде.

Жарыс жеңімпаздары мен жүл­дегерлері диплом, медальдар және бағалы сый­лық­тарға ие болады. Ал 4, 5, 6-орын иеленген қатысушылар грамота және естелік сыйлықтармен марапат­талады.

Сайыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихат­тап, қаладағы көркем гимнас­тиканы дамыту, спортшылардың өнерін шыңдау, сонымен қатар, олардың спорттық разрядтарын нақтылау болып табылады.

Турнир батуттық орталық «Gravіty», «Hawaіі» және «Mіamі» аквапарктерінің, сон­дай-ақ, Қазақстандағы конди­тер­лер қауымдастығының қол­дауларымен ұйым­дастырылды.

Өтетін орны: «Достық» спорт кешені, Абай даңғылы, 48 а.

Басталуы: 09.00-де.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *