Сәлемдемелерді тергеу изоляторына пошта арқылы жіберуге болады

«Sizoshop» жаңа жобасы арқылы сәлемдемелерді тікелей мекемелерге немесе тергеу изоляторына не түзеу мекемесіне жөнелтуге болады.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Алматы – Адалдық Алаңы» жобасы аясында «Sizoshop» жаңа жобасын таныстырды.
Бұл жоба қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, хабарлар бюросын жеңілдетуге және сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік бермекші.
«Sizoshop» арқылы қажетті өнімдер мен керек-жарақтарды заң мен нормативтік ережелердің талаптарына сәйкес тергеу изоляторына немесе түзеу мекемесіне жөнелтуге болады.
«Sizoshop» жобасы арқылы сәлемдемелерді тікелей мекемелерге немесе «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы жеке жіберуге де болады, сондай-ақ, кез- келген өзге ұйым бәсекелестік негізде ұқсас қызметтерді көрсете алады.
Бұл «Коалиция «РҚБ», «Алматы – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі және «Қазпошта» АҚ филиалының өзара іс-қимылының арқасында мүмкін болып отыр.
«Алматы – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі Алматы әкімдігі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп құрған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы зертхана» болып табылады.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *