Сүйіспеншілік сабақтары

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» білім жобасының авторы Сара Алпысқызымен кездесу өтті. «Сүйіспеншілік сабақтары» деген тақырыпта өрбіген әңгіменің негізгі өзегі жалпы адами құндылықтар туралы болды.

Рая ЕСКЕНДІР

– Рухани байлыққа апаратын жолдың ең бастысы білім болса, екіншісі, сол білімді пайдаға асыру. Дегенмен, жас ұрпақты оқытып қана қоймай, оны жан-жақты етіп, жаңаша дағдылар бойынша тәрбиелеуіміз керек. Бұл, әрине, үлкендер біздерге байланысты, – дей келе, Сара Алпысқызы  өмірден көргені мен түйгенін мысал ете отырып, әңгімелеп берді.

Біздің ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесін тым ертеден, бесікте жатқан кезінен бастаған. Жас ұрпақты ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік секілді сан саламен байланыстырып тәрбиелеген. «Өзін-өзі тану» пәнін енгізгендегі негізгі мақсат та осыған келіп саяды. Ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесін жәй ғана түсініп қоймай, жер бетіне ізгілік орнатуға күш салуымыз керек, – деді.

Ашық форматта өткен кездесуде оқытушылар мен жастар, оқушылар Сара Алпысқызына көкейлеріндегі сан сауалды жолдады. Өз кезегінде Сара Алпысқызы тәрбие адам бойындағы адами асыл қасиеттер оның таза қалпын сақтап қалатынын баса айтты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *