Сәбиді құтқарған Мамуду (ВИДЕО)

Париж қаласының солтүстігінде Мали мемлекетінен заңсыз келген Мамуду Гассама есімді 22 жасар жігіт 5 қабаттан құлағалы тұрған сәбиді құтқарып, әп-сәтте Францияның батыры атанды.

26 мамыр күні анасы іссапарға кеткен төрт жасар бала әкесінің үйде жоқтығының кесірінен балконға шығып, құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Дәл сол уақытта футболдан Чемпиондар лигасының финалын көруге бара жатқан Мамуду жоғары қабатта салбыраған сәбиді көріпті. Ол ойланып жатпастан, бірден балконнан балконға өрмелеп, бесінші қабаттағы баланы құтқарған. Құтқару қызметінің өкілдері оқиға болған жерге фильмдердегідей болар іс болып, бояуы сіңген соң жеткен.

Гассаманың ерлігін өз көздерімен көрген тұрғындар оны видеоға түсіріп, әлеужеліге жүктеген. Арада екі күн өткен соң Франция президенті Э.Макрон жас жігітті Елисей сарайында қабылдап, оның ерлігін жоғары бағалаған және Францияның азаматтығын алуды жеделдетуге жәрдем беретінін жеткізген. Ал париждік өрт сөндіру орталықтарының бірі Мамудуды қазірден бастап жұмысқа алуға дайын екенін айтқан.

Сондай-ақ, Париж қаласының мэрі Анн Идальго мигранттың мықтылығына тәнті болып, оны «18-інші ауданның (бала құтқарылған аудан) өрмекші адамы» атапты.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *