«Руханият» пәнін енгізуді ұсынуы көңілге қонады

 

Ширек ғасыр тарих үшін қас-қағым сәт десек те, осынау 26 жылдық тәуелсіздік дәуірінде қолымыз жеткен жемісті жетіс­тіктеріміз де, толағай табыстарымыз да аз емес. Мұны ұлттық біртұтастықты мызғымас­тай етіп берік сақтаған, ұлтаралық татулықты қалыптастырудың «Қазақстандық моделін» ұсынып, «Мәңгілік Ел» идеясы аясында Болашағы Біртұтас Ұлтты сомдауға батыл кіріскен қуатты Қазақстанымыздың бүгінгі бет-бейнесінен-ақ анық аңғаруға болады.

«Толған ел тарихын таспен жазады, тозған ел тарихын жаспен жазады» деп дана халқымыз айтқандай, зар замандар мен талайлы кезеңдерді бастан өткеріп, азаттық жолындағы арпалыста «мың өліп, мың тірілген» ата-бабаларымыздың арман-аңсарына айналған киелі Тәуелсіздікке қолымыз жеткелі бері де егемен елдің жаңа тарихы жаңа жетістіктермен толыға түсуде.

Тәуелсіздіктің елең-алаңында академик Манаш Қозыбаевтың: «Жолаушының мұраты – жету. Біз, қазақ, ғасырлар бойы жоқ іздеген халықпыз. Біздің жоғалтқанымыз, ең асылымыз тәуелсіздік еді. Тарих халқымыз­дың талқысына Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тай нар тұлғаны сыйлады, ел тізгінін ұлтымыздың жоқтаушысы бола білген Ұлы Даланың перзентіне ұстатты. Бүгінде «Назар­баев феномені» ұғымы бауырлас елдерді былай қойғанда, дамудың даңғыл жолына түскен алдыңғы қатарлы озық мемлекеттердің саяси қайраткерлеріне де етене таныс. «Мен туған халқымның болашағы үшін басымды бәйгеге тіккен адаммын» деп Елба­сының өзі ақтарыла айтқандай, ол тәуелсіз­діктің алғашқы жыл­дарында халқымызды әлеуметтік және экономикалық қиындықтардан алып шығып, мемлекетіміздің келешектегі жан-жақты өркендеуінің берік іргетасын қалап берді. Ал бұл байламға тоқтауымыздың себебін Мем­лекет басшысы­ның сол кезеңде баспа бетін көрген «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінен таба аламыз. Осынау кітапта ол: «Ұлттық жаңғыру, мемлекеттілікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бер­мейді…

Тарихи тек – тамырыңның тереңінен бастау алғандығын танып-түсіну, ата-бабаның шапағаты мол шабытты істерін заңды мақта­ныш ету, тоталитарлы кезеңнің зардаптарынан арылу, сөйтіп тарихи сананы уақыт талабына сай қалпына келтіру, ұлттық тұтастануға тегеурінді серпін беруге тиіс» деген орынды байламы бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қайта 15 жыл алдын айтылған пікір бүгінгі латын әліпбиіне көшу үдерісімен, Елбасы Жолдауларындағы мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту бастамаларымен біте қайнасып, астасып жатыр. Мемлекет басшысы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті дәстүрлі Жолдауында қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату үдерісінде латын әліпбиіне көшудің айтарлықтай әсері болатындығын баса айтады және 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде түркі әлемімен табысты­ратын бұл жазуға көшудің нақты кестесін жасауды тапсырады.

Бұл да біздің байыптауымызша, мемле­кетімізді жаңа белеске, жаңа биікке жетелей­тін бастама. Елбасымыз Н.Назарбаев латын әліпбиі турасындағы ұсыныс-толғамдарын ең алғаш сонау 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті басқосуында білдірген болса, 2012 жылы латыншаға көшудің нақтылы мерзімі де мәлім болып қалды. Қалай дегенде де, қоғамда бұл турасында сан түрлі пікір қайшылығы орын алғанымен, төл тілімізді модернизациялауға септесетін латын әліпбиіне көшуден қазақ қоғамы ұтпаса ұтыла қоймайды. Жалпы, осы азаттықтың ақ таңы атқалы бері 26 жыл ішінде тұрақты даму жолына түскен еліміз алдымен саяси реформалар арқылы жаңғыруды, сосын экономикалық жаңғыруды бастан өткерсе, Қазақстанның үшінші жаңғыруы аталып жүрген бұл рухани қайта түлеудің маңызы тіптен ерекше. Қазақы ұлттық болмысты, төл мәдениетті мейлінше қадірлеп-қастерлеуге шақыратын, қоғамдық сананы басыбүтін өзгертуге бағытталып отырған бұл оң бағдарламаның өміршеңдік табуында жоғарыда тілге тиек етілген латын әліпбиіне көшу үдерісі де маңызды рөл атқарады.

Ал жалпы кішіпейілділік, адамгер­шілік, инабаттылық секілді, т.б. адами асыл қасиеттердің бала кезден бойға сіңетінін, жас тамырға шыбық кезден тарайтынын ескерер болсақ, рухани жаңғыруға қолдау білдірген бір ғалымдардың орта білім беру үдерісінде тездетіп «Руханият» пәнін енгізуді ұсынуы көңілге қонады. Өйткені, өскелең ұрпақтың рухани әлеміне қозғау салып, ұлттық таным-түсінігін дамытып, сол арқылы жаһандық білім бәсекесіне төтеп беруге сақадай сай қылу қашанда стратегиялық басты мақсатымыз болып қала бермек.

Мемлекетімізді дамытуды, ұлттық сананы күшейтуді көздейтін мұндай маңызды қадамдарға бару уақыт талабынан, қоғам қажеттілігінен туындап отыр. Ал сананың ашықтығы, адами капитал сапасының біз күткен деңгейден көрінуі, жаһандық тілдерді игеуге деген тастүйін дайындығымыз, әлемдегі ең озық деп танылған 100 оқулықты төл тілімізге тәржімалау, жоғарыда айтылған латын әліпбиі арқылы қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау – бұлардың баршасы да осы рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын тың талпыныстар, игі бастамалар.

Рухани жаңғыру мәселесіне қайта оралар болсақ, бұл шешімге де Елбасымыз бір күнде келе салған жоқ. Бұл – рухани мұралары­мызды қастерлеуге шақыратын 2004 жылғы «Мәдени мұра» мен 2013 жылғы «Халық – тарих толқынында» секілді бағдарламалардың заңды жалғасы. Былтыр ғана мемлекетіміздегі жан саны 17 млн. 994,2 мыңды құраған болса, мемлекет құраушы ұлт – қазақтардың саны да едәуір артып, 12 млн.792 мыңға жетті. Демек, мемлекет халқының жоғын түгендейтін, 71 пайызды құрап отырған ұлттың барын бағамдайтын уақыт жетті.

 

Рухани жаңғыру жалпыұлттық бағдар­ламасының да осындай ұлағаттық мәні бар. Тіпті, бұл жаңа дәуірдің айшықты беттерін суреттейтін Елбасы­мыздың таяуда ғана тұсауы кесілген «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабында да рухани жаң­ғыру мәселесі аз сөз болмайды.

Біздің осы мақсатқа негізделген іс-қи­мылымызды мен 2017 жылдың басында жа­риялаған үшінші жаңғыру бағдары қам­тамасыз етпек. Біз қазірдің өзінде конститу­циялық реформа жүргізіп, экономикалық түлеудің келесі кезеңіне қажетті бағыттарды таңдадық және «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында қоғамдық сананы дамыту үстіндеміз», – дей келе, кешегіміз бен келеше­гіміз жайлы те­реңінен ой қозғайды. Сонымен қатар, бұл еңбекте тәуелсіздік дәуіріндегі елі­міздің басты-басты жетістіктері де мейлінше талдап-таразыланады. Тарихи публицистика ретінде өз оқырманын тапқан еңбекте Елбасымыз еліміздің іргесі қаланған күннен бергі өсу мен қалыптасу кезеңдеріне, ширек ғасыр ішіндегі ішкі және сыртқы саясаттағы табыстарымызға көбірек тоқталады.

Жаһандық сын-қатер кезеңіндегі Үшінші жаңғырудың басталуын айғақ­тайтын мемлекет пен қоғам жаңаруының кең көлемдегі үш үдерісі қанат жайды. Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты», – дейді. Сон­дықтан да жасампаз жылдар жүгін арқалаған бұл еңбектің, оны дүниеге әкелген, қалың оқырманмен қауыштырған Елбасы­мыздың даналық даңғылын кейінгі толқынға кеңінен дәріптеу алдағы күндердің еншісіндегі іс деп білеміз. Өйткені, Елбасы жолының елдік жолы екендігін, рухани жаңғыруға бет алған еліміздің ертеңінің, бүгіні мен болашағының Тұңғыш Президентімізге тікелей қатысы барлығын өскелең ұрпақ біліп өсуі тиіс. Бұл – халқы­мыздың да арман-тілегі, шынайы аңсары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close