РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ САЛАСЫНДА

Алмалы ауданындағы Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда «Рухани жаңғыру – жаратылыстану ғылымдары саласында» тақырыбында жаратылыстану ғылымдары арасында математика, информатика және физика пәндері апталығы өтті.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізілген апталық барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, коучингтер мен «дөңгелек үстел», оқушылар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – рухани жаңғыру элементтерін жаратылыстану ғылымдар аясында қолдану, оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.

 Апталық бары­сын­да алгебра пәні мұғалімдері Ахметжан  Мол­дах­ме­тов 10-сы­нып оқушыла­рына ҰБТ есептерін оңай әрі тез шығару тәсілдерін көрсетіп, ашық сабақ өтсе, Союз­хан Алимхо­жаева «Les­son Study» бағдар­ла­масы бойынша зерттеу сабағын жүргізді. Соны­мен қатар, Алтынбек Сұлтанқұлов 9-сынып оқушыларымен «Ариф­метикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы» тақы­рыбында жаңа білімді меңгеру сабағын өткізді. Сәуле Әлібек 5-сынып оқушылары арасында математикалық жарыс ұйымдас­тырды. Кафедра жетекшісі Айге­рім Исабаева «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар­дың шығармашылық әлеуетін қалай дамытуға болады?» тақыры­бында мұғалімдер арасында коучинг жүргізді.

Үштілділік бағдарламасы аясында информатика пәні мұға­лімі, үштілділік курсын бітірген Арайлым Бейсенбекова тәжірибе негізінде алынған 8-сыныпқа «Formattіng table» тақырыбында ағылшын тілінде сабақ жүргізді. Ұстаз біліктілігінің деңгейлік кур­сын бітірген, информатика пәні мұғалімі Гаухар Байбазарова ұстаз тұлғасын, қоғамдағы алатын орнын айқындау, жас оқыту­шылардың педагогикалық шебер­лігін, біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында  «Жаңа форматтағы заманауи мұғалім»  тақырыбында коучинг өткізді.

Физика пәнінен Айдана Бей­бітбекова 7-сынып оқушыла­ры­мен жарыс сабағын өткізсе, Жамбы Орынбаева 11-сынып оқушыларымен «Жаңа күнтіз­бемен жаңа қадам!» атты сынып­тан тыс іс-шара ұйымдастырды.

Апталық соңында барлық өткізілген іс-шаралар қорытын­дыланып, стенд-газетке жария­ланған жұмбақтар мен сауал­дарға дұрыс жауап берген оқушы­лар анықталды. Жеңімпаз оқу­шыларға ынталандыру сыйлық­тары табысталды.

 

Алмалы ауданы Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия.

Жаратылыстану пәндер кафедрасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *