Рухани жаңғыруға бір үлес

 

Өткен жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипло­матиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы жылдар ішінде қос мемлекет арасындағы саяси-экономикалық, әдеби-мәдени байланыстар сын­дарлы даму деңгейіне жетті.

Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінің баста­масымен қаншама қазақ қалам­герінің шығармалары түрік тіліне аударылып, түрік оқырман­дарының да рухани игілігіне айналғаны біз үшін әрі мерей, әрі қуаныш. Абай, Мұқағали шығар­маларынан бастау алған осынау әдеби үрдіс болашақта да көрініс таба беретініне сенімдіміз.

Жақында осындай игі шара­ның оңды жалғасы ретінде түркі әлеміндегі сопылық әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі – Юнус Эмре жырлары көне түрік тілінен қазақ тіліне тәржімаланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назар­баевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жол­дауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген осынау кітаптың алғысөзін «Рухани жаң­ғыруға бір үлес» деген тақырып­пен Қазақс­танның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы жазған.

Тұсаукесер рәсіміне Қазақ­станның Түркиядағы елшілігінің дипломаты, жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев, түрік жазушысы Мұстафа Өзчелик және кітаптың демеушісі ABІS GROUP ком­пания­сының басшысы Авиль Мұхаммадоғлы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкі­летті кеңес төрағасы, профессор-доктор Мұса Йылдыз және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өлеңдерді түрік тіліне ау­дарған Мәлік Отарбаев, әдеби өңдеген Дәулетбек Байтұрсын­ұлы, редакциялаған Кәдірбек Құныпияұлы. Жыр-жинақ «Ан Арыс» баспасынан жарық көрді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *