Рухани жаңғыруға арналған кітап көрмесі

02-08-17-2

Әуезов ауданындағы Қазақстан Жазу­шылары кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі ашылды.

«Қазақ әліпбиінің тарихы» бөлімінде жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізгенін баяндайтын бірнеше кітап бар. Олардың ішінен «Орхон мұралары», «Түрік тілдері», «Араб тілі», «Таңбалар тілі», Ахмет Байтұрсынұлының «Әліп би» оқулығы, «Латинский», тағы да басқа кітаптарды көре аласыздар.

Көрмеде «Туған жер» бағдарламасы аясында, Қазақстанның киелі жерлері туралы «Ұлы дала тарихы», «Летопись Жетысу», «Қазақ жерінің 100 аңызы», сондай-ақ, ұлттық деңгейдегі ірі нысандардың арғы-бергі тарихымен таныстыратын «Сарайшық», «Ахмет Яссауи кесенесі», «Бекет ата өңірі» сияқты халыққа кеңінен танымал, зерттелген, қазіргі кезде айқын сипаты бар орындар туралы кітаптар ұсынылған.

Ал «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бөлімінде әлемнің маңдайалды туындылары қатарына тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан Қазақстанның мәдени құндылықтарын дәріптейтін, өзіндік мазмұны бар ескерткіштер, мекемелер, мекендер, Астанадағы «Бәйтерек» монументі және «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жөніндегі кітаптар мен құнды деректер оқырман назарына ұсынылған.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *