РУХАНИ ЖАҒЫНАН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ ҚАНА ӨРКЕНИЕТ ӨРІНЕ ШЫҒАДЫ

Елбасы өткен  жылғы Жолдауында «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  жаппай  қолдауға  ие  болғанын  айта келіп,  оның  аясын  жаңа  мазмұнмен  толықтыру  керектігін  атап  өткен  болатын.  Президенттің идеялары мен жоспарлары қашан да Қазақстанның барлық халықтарының мән-мазмұнына айналуы тиіс.  

Кез-келген саясат немесе мемлекеттік бағдарлама жемісті болуы үшін оны ұлттық, идея формуласы ретінде қарастыру керек. Әлемдік тәжірибе алдымен ұлттық, эко­номиканы көтеріп, бұған халықтың күш-қуатын жұмылдырып, ұлттық идея ретінде жүзеге асыратындығына көзімізді жеткізді. Яғни ұлттық идеяның игіліктері эконо­микадан бастау алған. Елбасымыздың бұған дейін ұсынған «Орталық Азия бары­сы», бәсекеге қабілетті экономика, индус­триялық-инновациялық даму бағытындағы саясаты бүгінгі әлеуметтік жаңғыру идеясының баспалдағы һәм алғышарттары болды. Бұл идея әрбір азаматтың әлеуетіне қозғау салып, мемлекеттік ауқымда жүзеге асуы керек.

Ұлт көшбасшысының маңызды және заманауи тапсырмасын, ең алдымен, еліміз­дің әр азаматы үшін мақсатты түрде жетіс­тікке жету жолы деп қабылданғаны абзал. Ал биік мәдени парасат жоқ жерде үлкен өркениет құру мүмкін емес.

Қазақстанның  тәуелсіздік  жылда­рында  халық  өмірінің сапасын  арттыру  мәсе­лесі мемлекеттік  саясатта  әлеуметтік  тұрғыдан алғанда маңызды  міндет саналды және осы бағытта  қала бермек. Оны  біздің бүгінгі күніміз көрсетіп отыр.  Мұның  өзі де  халқымыздың  мәдени  даму  бағытын  айқындайды.

Мәдениеттің экономикалық  дамуы сол мемлекеттің көркеюі мен тұралап қалуы­ның көрсеткіші. Кез-келген халықтың іргелі, ұлтты ұлт етіп ұстайтын эконо­микалық,  саяси, рухани, діни дәстүрлері болады. Осы дәстүрлер сол ұлттың ерекше дарынды адамдарын дүниеге әкеледі.

Мәдениет факторымен санаспай, бір мемлекеттің көркеюі мен құлдырауын бағам­дасақ, сырт бетін ғана көрген бола­мыз, оның ішкі мәніне бойлай алмаймыз. Мәдени-экономикалық даму – табиғи   процесс. Осыған орай, Қазақстан көшбас­шысының: «Біз дәстүрлілікті ту еткен қоғамнан қазіргі заманғы қоғамға бет бұрдық. Сол себепті, біз үшін әр түрлі мәдениеттердің өзара қақтығысына жол бермей, ұлттық дәстүрлер мен модерни­зациялық қағидалардың үйлесім табуын қамтамасыз етудің маңызы зор» деген пайымы көпшілігімізді ойлантуы тиіс.

Қоғамның негізі – ұлттық болмыс. Рухани болмысынан айырылған қоғамда ешқандай арман болмайды. Тек қана баю, қыру, жою.  Бұл – өте қауіпті құбылыс. Мұндай шектен асу қоғамды аздырып қана қоймайды. Ерте ме, кеш пе, оның арты үлкен әлеуметтік төңкерістерге әкеліп соқтырады. Әлемнің әр тарабында бой алды­рып жатқан түрлі төңкерістер халықтың рухани  және әлеуметтік саладан кенжелеп қалып жатқандығын көрсетеді.

Әлем  Қазақстанды ең бірінші мұнай­мен елестетеді. Ал біздің толағай тарихы­мыз, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз жөнінде  аса көп біле бермейтіндігі анық. Оның да ыңғайы енді келгендей. Ұлты­мыздың мәдениетін шет елге таныстыра отырып, өзіміздің ұлтты түлетуге жаратсақ, ондағы негізгі мақсат сол болса, қазақтың ұлттық рухы XXІ ғасырға сәйкес қайта түлеуі анық. Сондықтан қазақ ұлтының мәдени брендін қалыптастыруда мемле­кеттік тұрғыда бағдарлама қабылдау қажет­тігі сұралуда.

Бүгінгі таңда   адамзат тарихында мың­жылдықтар бойы табиғи жолмен қалып­тасқан  экономикалық-әлеуметтік  даму  процесі қоғамды алға сүйреуде. Елбасы­ның  Жолдауы  – еліміздің  тарихи  белесін  бас­таған  аса маңызды  құжат болып отыр.  Онда  Президент  Еліміз дамуының  жаңа  тың  бағыттарын белгілеген.  Бұл, ең алды­мен,  халықтың  әлеуметтік  жағдайын  күшейтуге  ықпал етеді.

Президент  Жолдауынан  алғаш пайым­дап,  тыңдағандағы  ойға  ұялаған  алғашқы  ұшқыр  ойлар  осындай.  Жолдау  белгіле­ген міндеттер тым  күрделі. Елбасы  өз Жол­дауында рухани жаңғырудың жаңа  мазмұ­ны  дегенде  осыны  меңзеп  отыр.

 

Жасұлан  СЕЙДАХМЕТОВ,

«Асыл  кітап»  баспа  үйінің  директоры.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *