Рухани құндылықтарды жаңғыртатын уақыт жетті

Наурызбай ауданының активі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады

6-%d0%b1%d0%b5%d1%82

Б.Соқпақбаев атындағы №188 жалпы білім беретін мектепте Наурызбай ауданы әкімі аппара­тының ұйымдас­тыруымен аудан активінің жиналысы өтті.

Іс-шара барысында ағымдағы жылдың 12 сәуірінде жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды.

Басқосуға Алматы қаласы Нау­рызбай ауданы әкімінің орынбасары Б.Пірәлиев, Алматы қаласы мәсли­хатының депутаты К.Матыжанов, зиялы қауым өкілдері, аудандық ар­дагерлер кеңесі, этномәдени бірлес­тіктер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық құрылымдардың басшылары, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Президентіміздің елдің рухани өресін жаңғырту бағытындағы бұл мақаласының басты міндеттерін  халыққа жеткізуге бағытталған игі шара барысында қалалық мәслихат депутат Кенжехан Матыжанов мақа­лада көрініс тапқан ауқымды ұлттық мәселелерге кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде: «Еліміз Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық зор жетіс­тіктерге қол жеткізгенімізді. Қазақ­стандықтардың тұрмыстық ахуалын жақсартуға, экономикалық тұрақты­лықты қамтамасыз етуге бағытталған көптеген реформалар жүргізілгеніне тоқталып, осының барлығы Елбасы­ның сындарлы саяса­тының арқасында жүзеге асып отыр­ғанын атап өтті. Ендігі кезекте, халық тек қана ішіп-жеумен ғана шектелмей, мәнді де мағыналы өмір сүрудің бірден-бір жолы – өзін-өзі рухани дамытуы тиіс. Елбасы өз мақаласында ұлттық кодымызды жоғалтпай, рухани жаң­ғыруға бет бұруға шақырды….» деді мәслихат депутаты.

Депутат аталған мақаладағы бірқатар нақты бағыттарға тоқталды. Оның ішінде 2025 жылға дейін қазақ тілі толығымен латын әліпбиіне көшірілетіні жайында және «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» бағдарлама­лары тура­сында сөз өрбітті. Баянда­машы өз сөзін Елбасының: «Ұлттық салт-дәстүр­леріміз, тіліміз бен музы­камыз, әдебиетіміз, жоралғылары­мыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген қанатты сөзімен аяқтады.

Өз кезегінде Наурызбай ауданы­ның тұрғындары Елбасының бұл бағдарламалық мақаласын қолдай­тындықтарын білдірді.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *