РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Рухани келісім күніне орай Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында салтанатты шара болып өтті.

Әсел ДАҒЖАН

Елімізде осымен 27 рет аталып өткен Рухани келісім күнінің негізі сонау 1992 жылы Елбасының бастамасымен қаланған болатын. Биыл да осы күнді өз деңгейінде атап өту үшін шаһарда шоғырланған барлық дін өкілдері және діни бірлестік басшылары, мемлекеттік орган өкілдері мен студент жастар бас қосты.

Он жеті діни бірлестіктің қатысуы­мен өткен салтанатты шарада арнайы көрме ұйымдастырылды. Шараның шымылдығын ресми ашып берген қала әкімінің орын­басары Ержан Баба­құмаров діни бірлес­тіктер мен мүфтият басшыларының көмек пен қолдауға мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, отандастарымызды рухани-адамгер­шілікке тәрбиелеу ісіне қосқан үлес­терін атап өтіп, алғыс білдірді.

–       12 ғасырдан бері қазақ жерінде қалып­тасқан ислам бар. Қазір оны біз дәстүрлі ислам деп атап жүрміз. Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан жолды насихаттау арқылы халықтың бойына төзімділік көзқарасты, басқа­лармен келісім деген құндылықты егумен, соны үйретумен айналысу­дамыз. 1992 жылы қабылданған заң аясында берілген кейбір мүмкіндіктер арқылы өзіміздің дәстүрімізге, тари­хымызға жат кейбір ағымдардың, уағызшылардың елге кіруіне мүмкіндік беріп алдық. Сол теріс бағыттағы уағызшыларға еріп кеткен жастарымыз жоқ емес, бар. «Ат айналып қазы­ғын табады» дейді атам қазақ. Мүф­тият пен өзге де үкіметтік емес ұйымдардың бір­лесе жүргізген оңалту жұмыстарының нәтижесінде олардың біразы райынан қайтып, үйірге қосылуда, – деді Алматы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай.

Айта кетейік, бүгінде шаһарымызда Діни бірлестік басшыларының арнайы клубы жұмыс жасайды. Мұнда түрлі дін өкілдері еркін пікір алмасып, діни және қоғамдық мәселелерді талқылайды.

–       Жастардың шіркеуге келу белсенділігі 30-40 пайыз деуге болады. Олар храмға бекерден-бекер келмейді. Проблема әлде өмірдің мәнін түсінген кезде, не үшін өмір сүрудемін, өлім деген не деген сауалдарға ойлана баста­ғанда жүрек сенімге келіп жатады. Олар жоғары оқу орнында оқитын, фило­софиядан хабары бар жастар. Адамның сауаттылығы – ол сенімге әкелетін бірден-бір үрдіс екенін көріп жүрмін, ал сауатсыздық оны фанатизмге алып барады, – деді орыс православ шір­кеуінің протоиерейі Александр Суво­ров.

«ҚР терроризм мен экстремизм проблемаларын зерттеу орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған шара конфессияаралық қатынасты нығайтып, қоғамда рухани келісім мен төзімділікті дамытуға бағытталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *