Өрттен сақтаныңыз!

Халық арасында «Өрт ұрыдан жаман, өйткені ұры ең болмағанда бір нәрсені қалдырып кетеді, ал өрт болса бәрін бірге ала кетеді» дейтін. Бұл шынында да рас, ұзақ жылдар бойы жинап тергенді өрт бір мезетте жоқ қылады. Көптеген адамдар электр өткізгіштегі немесе пештің түтіндіктегі жарық­тарынан шыққан ұшқынды көріп, қоқысқа темекі тұқылын тастап немесе пештен ұшқындарды сарай қабыр­ғасының артына тастап, мүлкіне ғана емес өздері оны түсінбей, өзінің және жақындары­ның өмірлерін қатерге тігеді.

Онда тұрған несі бар дейміз… Қандай да бір ұшқындар, суып қалған күл, темекі тұқылы, ескі, бірақ жүз жыл адал  жұмыс істеген электр сымдары. Олар бізге қандай зиян келтіре алады?! Бұларда қандай қорқыныш бар? Бір мезетте көңілімізге тұрарлығы жоқ осы әрекеттер мен заттардан өрт туындауы мүмкін, ал өрттің біздің қиыншылықтарымызды көретін көзі де, бізді түсінетін сезімі де жоқ. Ол ешнәрсеге де, ешкімге де қарамай, алдағы барды жояды. Дегенмен, өрт пен адам арасына тұрып, адамның елемеуі нәтижесінде болған қиын жағ­даймен өрт сөндірушілер күреседі. Тілсіз жаумен күресушілер әрдайым біреудің мүлкі мен өмірін сақтау үшін өз өмірлерін құрбан қылады.

Халықтың тұрмыста қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесінің талап­тарын сақтамауы сол өрттің пайда болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады:

* Азаматтардың отты абайсыз қолдануы (темекі шеккенде, тұр­ғын үй, шаруа құрылыс­тарының, мал азығының жанында алауларды және қоқысты жандырғанда, т.б.);

* Жылыту пешін орнату және пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу (пешті, түтіндікті бұзу және орнатудағы өртке қарсы ережелерді сақтамау);

* Электр жабдықтар мен құ­рыл­ғыларды жөндеу мен техни­калық пайдалануда ережелерді бұзу (электр өткізгіштердің жарамсыз­дығы, қолдан жасалуы және олар­дың қысқа тұйықталуы).

Сондай-ақ, пәтерлер мен тұр­ғын үйлердің түрлі жаңа электр тех­никалық құрылғылармен тол­тыру, үйде тез жанғыш, синтетика­лық заттарды сақтау бір жағынан өрттің пайда болуын туғыздырса, екінші жағынан жану барысында олардан шыққан токсинді иіс адамның өмірі мен денсаулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін. Адамдар сақтық шаралары мен қарапайым қауіпсіздік ережелерін елеуінен көп жағдайда өзінің және жақындарының өміріне қауіп төндіретінін өзі түсінбейді.

Абай болыңыз, электр өткізгіштерді қысқа тұйықталу­дан сақтап, қорғайтын жабын­дарды жаңартып тұрыңыз, еш уақытта үйіңіздің жанында алауларды жандырмаңыз, үй ішінде темекі шекпеңіз. Ұрыдан сақ болсаң – малың аман болар, Өрттен сақтансаң, жаның аман қалар! Өзіңіз бен жақында­ры­ңыздың өмірін сақтау әрқашан өзіңіздің қолыңызда екенін ешқашан естен шығармаңыз.

Құрметті қала тұрғындары! Үйіңіз бен отбасыңыздың қауіп­сіздігі тек сіздің қолыңызда. Өрт немесе басқа да төтенше жағдай­ларда  101 және 112 теле­фон нөмірлеріне хабарласыңыз.

 

 

Д.Жүсіпов,

ТЖД Алмалы аудандық ТЖБ бас маманы,

азаматтық қорғау капитаны.

 

***

 

ПӘТЕР ЖАНҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

 

Өрт сөндірушілер ең бірінші 101 немесе 112 телефонына қоңырау соғып, балаларды және қарттарды шығарып, тек содан кейін өз күштерімен отты сөндіруді ұсынады. Бірақ әрекет ету вариантын орнында таңдауға болады, ал біз нақты техникалық сұрақтарды қарастырайық. Егер теледидар жанса, оны бірден электр желісінен сөндіріп тастау керек, содан кейін ғана артқы жағындағы желдеткіш тесікте­рінен (бір жағында тұрып) сумен сөндіру керек, немесе от басқа заттарға тарамау үшін (мысалы, перделерге) қалың көрпемен жауып, суға немесе өрт сөндір­гішке жүгіру керек.

Егер кинес­коп жарылса, онда улы түтін қауіпті. Сондықтан бөлмеде өзіңіз дем алмаңыз және басқаларға, әсіресе балаларға, ескертіңіз. Теледидарды перде­лерден 70-100 см. кем емес ара­қашықтықта орналастыруға кеңес береміз. Оның үстіне жанғыш заттарды қою қауіпті. Розеткаға кедергісіз жол болу керек. Тағы бір ма­ңызды шарт: егер теледидар бұ­зылған болса – әсіресе ол шы­тырласа, жанған резеңкенің иісі шықса, кенет өшіп қалса – ол өзімен-өзі кетеді деп үміттенбеңіз. Тез теледидарды сөндіріп, ше­берді шақырыңыз.

Егер өрт пәтеріңіздің ішінде басталса, және сізде өрт сөндіргіш болмаса, қол астындағы тығыз матаны (сулы жақсырақ) және суды пайдалануға болады. Жанған перделерді жұлып тастап, аяғымен басу немесе ваннаға тастап, су құю керек. Осылай көрпелерді, жастық­тарды сөндіруге болады. Терезе­лерді ашпаңыз, оттектің келуімен от одан да қатты жанады. Сон­дықтан жанып жатқан бөлмені абайлап ашу керек – от өзіңізге қарсы лап етуі мүмкін. Ток соғудан аман болу үшін, электр сымын сөндіру немесе су құю кезінде электрді сөндіріңіз. Пәтердегі өртті сөндірген соң, ештеңе бықсып жатпағанын тексеріңіз.

Бірнеше маңызды ескертпе: өртте адамдар оттан емес түтіннен өлетінін статистика көрсетеді. Кейде түтінді бірнеше рет жұту улануға жеткілікті. Сондықтан отты сөндіру кезінде барлық әдістермен түтіннен қорғаныңыз, ал егер ол мүмкін болмаса – жанған бөлменің және пәтердің есігін жауып, пәтерден шығыңыз.

Пәтерде ешкім қалмағанын біліп қана пәтерден шығыңыз. Әсіресе, балаларды қарау керек. Қорыққаннан олар шкафтардың ішінде, үстел, төсек астында, ван­на, әжетхана бөлмелерінде тығы­лып, дауыс бермейді. Түтінделген бөлмеде жылжығанда өзіңіздің үйіңізде де адасып қалуыңыз мүмкін – осы қауіпті есте сақ­таңыз. Сулы шүберектен дем­алыңыз. Мүмкіндік болса – өкпеңізді газқағармен немесе респиратормен қорғаңыз. Бірақ бөлмедегі оттектің мөлшері тез азаятынын ұмытпаңыз, газқағар­дан да есіңізден танып қалу мүмкін. Түтінделген дәліздерден еңбектеп немесе жорғалап өтіңіз – төменде түтін азырақ болады. Артыңыздан есіктерді жауып жүріңіз. Адамдарды іздеуге арқанмен байланып шығыңыз, сізді біреу сақтандыру керек.

 

Н.Елебеков,

Алмалы аудандық ТЖБ

аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *