ҰРПАҒЫҢНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАСЫНАН ОЙЛА

Адамзат 109 элементтен тұратын топы­рақтан жаралған. Алла Тағала топыраққа әуел баста рух берді. Біз мүмкіндігімізше сол алғаш жаратылған кезіміздегі ағзамызға қажетті элементтердің жетіспегендерін толықтырып, өз мөлшеріне келтіруге әрекет етуіміз керек. Осы ойымызды негіздеу мақсатында ата-аналарының ризашылығы­мен ерікті түрде ақыл-есі толық жетілмеген 3000 балаға 10 жыл бойы ғылыми зерттеулер өткізіп көрдік.

Бұл жұмысымыздың негізгі мақсаты – ақыл-есі төмен, ойлау қабілеті толық жетілмеген, қорғаншақ, жүйке жүйесі әлсіз, есте сақтау қабілеті нашар балаларға зерттеме жасау болатын. Зерттеу бары­сында байқағанымыз, әл-Фараби, Ибн Сина, Өтейбойдақ бабаларымыз негізін қалаған шығыс медицина теориясына сүйенетін болсақ, оның ішіндегі ең маңыздысы – алтын ине емі, акупунктура болмақ. Қазірге дейін осы бағытта біз көптеген жұмыстарды өткіздік. Инені зақымдалған клеткаға салып, оған микроскоппен қарағанда оның жаңарып, зарядталып, қалыпты клеткаға айналу барысын байқауға болады. Осы клеткалар айналасында тағы да сан мил­лиондаған клеткалар пайда болады екен. Яғни  бұл арада ғылыми негіздемеленген инь-ян (оңдық-терістік) биоэнергия бар.

Осы теория бойынша жүргізілген ем балалардың 80–85 пайызына оң әсер ете бастады. Емнің екі курсынан өткен, сабақ үлгерімі нашар, мектепте сабақтан кейін, келесі жылға қалып оқысын деген бала­лардың рухани әлемінде, зейінінде белгілі деңгейде оң өзгерістер болғаны байқалады. Біртіндеп олардың алдыңғы үлгерімі 3, одан кейін 4, одан кейін 5-ке жеткен. Тіпті, көп жылдар бұрын ем алып, сабақ үлгерімі жақсарған балалардың алды университетке емтихан тапсырған кезде біршама жоғары нәтиже көрсеткен.

Әдетте адам организміндегі ауру бай­қалып, клиникалық белгілері нақты көрініп (50 пайыздан артығы), дерт меңдеген кезде ғана дәрігерге жүгінеді. Ал іс жүзінде балалардың денсаулығын мұндай ауыр жағдайға тап болған кезде ғана дәрігерге әкеліп көрсету – кешіріл­мейтін қателік. Өйткені, науқас балаларды тексерген кезде олардың энергетикасының, ойлау қабілеті қалыпты жастағы балалардан әлдеқайда әлсіз екені көрініп тұрады.

Бұл экологиялық әсердің, қоршаған ортаның ластануының, азық-түліктегі химиялық қоспалардың залалы қазіргі балалардың ақыл-есіне қаншалықты теріс әсер етіп жатқанын байқатады. Сондықтан біз жалпы ата-аналардың «Жас-Ай» медициналық орталығының 3 қаладағы (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) бөлімше­леріне келіп, медициналық кеңес алуға, дер кезінде жазылып, балалардың ақыл-ойының дұрыстығын, тез қабылдауы бар ма, әлде ұмытшақ па, дәрумен жетіспей ме, ми клеткасының өсуі баяу ма, бас ішіндегі қысым бар ма – осыларды тексеруден өткізуін қалар едік. Тексеруден өткізу кезінде денедегі магнит өрісінің өзгерісін көрсететін аппаратқа қаралу тегін болады. Әдетте шет елдердегі медициналық тексеру кезінде бұл аппараттан өту ақылы. Бұл біздің ел болашағы, жас жеткіншектерге жасаған көмегіміз. Сондықтан ұрпағымыз үздік, қағілез, ғылымда, техникада алдыңғы қатарда жүретін болса, онда біздің еліміз дамиды, мемлекетіміз өседі. Біздің де жағдайымыз жақсарады. Осылайша озық дамыған елдердегідей өзімізді жақсы сезінетін боламыз. Сол үшін де медицина саласындағы барлық мамандар халыққа абройлы жұмыс жасауды дағдыға айналдыруы керек.

Біз қолданып жүрген ине терапиясы­ның оң әсер беруі нәтижесінде сал ауруына шалдыққан балалардың бүгінгі күнге дейін 7000-нан астамы құлан-таза айықты. Себебі, біз өте қажетті медициналық нәти­жесі байқалған теория негізінде жұмыс атқарып келеміз.

Сондықтан ата-аналарға балаларыңыз­дың зеректік қабілетін арттыру  біздің  орталықтағы  акупунктура курсынан өткі­зіп, емдетіңіздер дегіміз келді.

 Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ,

     м.ғ.д., профессор, академик.

    

«Жас-Ай» Халықаралық үздік клини­каның байланыс телефондары:

Алматы: 8 (727) 302-15-40, 8 777 232 18 71         Астана 8 (7172) 42-20-42, 8 775 193 45 99

Электронды почта:  zhasaі_67@maіl.ru                   Эл почта: astana.jasaі@maіl.ru

Шымкент: 8  (7252) 42-81-15, 8 778 000 57 38  Сайт: WWW.jasaі.kz

Электронды почта:  jasaі. shymkent @maіl.ru

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *