РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІ

333Бұл – христиан әлемінің басты мейрамы. Мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болғандықтан да осы күні, яғни, 7 қаңтарда Қазақстан халқы демалады

Дүние жүзінің 145 мемлекетінде тойланатын православтар мен католиктердің діни мейрамы қызықты салттар мен өзіндік салтанатқа толы. Бұл күнді барша христиандар шіркеулер мен ғибадат­ханаларда шоқынумен өткізеді.

Рождество тарихы осыдан екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен басталған. Міне, содан бері христиандар тойлап келеді. Әсем безендірілген шырша әр үйдің төрінде орын алса, сыйлықтар мен халықтық серуендер, шыршаны айнала ән салып, би билеу мен карнавалдар — мереке сәні.

Рождество мейрамын барлық христиандар атап өтеді, католиктер оны 25 желтоқсан күні, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды. Батыс елдері бұл мерекені отбасы мерекесі деп есептейді.

Осыдан екі мың жыл бұрын қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні Иосиф пен Марияның отбасында Иисус есімді ұл дүниеге келеді. Назареттен келген Иисустың алдына бүкіл әлемді өзгерту міндеті тұрды. Барлық адамзат баласын құтқарушысының қай жерде, қашан өмірге келетіндігі алдын-ала белгілі болды. Ол дүниеге келер түні Вифлеемде өмірге келген барлық нәрестелер Ирод патшаның бұйрығымен өлтірілді. Бірақ, періштелердің қолдауымен Иисус жарық дүние есігін ашты. Болашақ құтқарушы туған сәтте аспанда ерекше сәбидің дүниеге келгенін паш еткендей жарық бір жұлдыз пайда болады.

Сондықтан да осы түні дінге сенушілер шіркеуге барып, дұғасын оқып, сол бір жарық жұлдыздың көрінуін күтеді. Сиқырға толы бұл түні барша христиандықтар бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін, игі тілектерін арнайды.

Рождество түнінде шамдар жарқыратып жағылады, шырша безендіріліп, колядки, яғни рождестволық халық әндері айтылады…

Рождество мерекесі Португалия мен АҚШ-та – 25 желтоқсанда, Арменияда – 6 қаңтарда, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Сербия және Украинада – 7- қаңтарда тойланады.

Белоруссия 25-желтоқсан мен 7-қаңтар күні екі күн демалады. Сол секілді Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Литва, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Польша, Финляндия, Хорватия, Швеция елдері 25-26-желтоқсан күндері екі күн демалады. Тіпті, үш күн демалыс жариялайтын елдер де баршылық.

Рождество Құдайға сенетін әрбір адам шексіз махаббат сезіміне бөленетін қасиетті күн болып табылады. Рождествоның мән-мағынасы,  ол – сүйіспеншілік, бейбітшілік, рақымшылық, барлығына кешіріммен қарап, әркімге тек жақсылық тілеу, жалпы адамзат баласын сүю.

Қазір елімізде мемлекет тарапынан дінге сенетіндердің діни нанымдарына құрметпен қарайтындай саясат орнаған. Түсіністікке, төзімділікке, достастық пен бейбітшілікке жағдай жасалған. Сондықтан көпұлтты елімізде толеранттылық, өзара келісім сақталып отыр. Елбасымыз Қазақстан халқына Жол­дауында ұлтына және нәсіліне, діни нанымына, тіліне қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету – біздің болашақта да тұрақты дамуымызда игі бастау болып табылатынын тағы да нақтылап айтты. Бұл құндылықтарды біз әрқашан сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізе білуіміз қажет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *