Робот-қазан

Қытай тұрғыны тамақ әзірлей алмай­тын әйелінің арызынан жалығып, робот-қазан ойлап тапты. Бір банкет компаниясының бас директоры Хэ Цин өзінің ойлап тапқан дүниесін Шанхайда өтетін халықаралық Қытай технология­лары жәрмеңкесіне қойды. Бұл затты ойлап табу үшін ол жеті жылын сарп еткен.

– Бұл ақылды робот-қазан мені тек қана ас үйдегі күйбеңнен құтқарып қана қоймайды, ол әрбір әйелдің уақытын босқа шығындамай, небәрі 3-4 минуттың ішінде асты дайындап үлгереді, – деді. Бұдан кейін оған әйелінің арыз айтуы да сап тыйылған. Ол тек тамақ пісіріп қана қоймайды, ыдыс-аяқты мұнтаздай етіп жуып беретін көрінеді. Сөйтіп, робот-қазан сүйікті әйелінің рөлін атқарып жатыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *