ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қазақстанда 2018 жылдың басынан egov.kz электронды үкімет порталында үшінші тұлғалар мемлекеттің азаматтары үшін электрон¬дық анықтамалар ала алады

Аталған қызмет тегін көрсетіледі. Азаматтар SMS хабарлама арқылы  үшінші тұлғаларға анықтама алуларына рұқсаттама береді. Егер қызмет алушы порталда немесе мобильді азаматтар базасында тіркелсе, оған жеке кабинетіне сұранысты келісу үшін немесе одан бас тартуын растайтын  хабарлама жолданады, хабарлама екі тілде қазақ және орыс тілдерінде түседі.

Хабарламада үшінші тұлғаларға электронды анықтаманы алуды растайтын немесе одан бас тарту туралы сұраныстың мазмұны көрсетіледі.

Электронды анықтама қолданушының жеке кабинетіне ол растаған жағдайда үшінші тұлғалардың хабарламасына жауап ретінде түседі.

Үшінші тұлғалар ретінде жеке және заңды тұлғалар танылады, ал қолданушы ретінде тек жеке тұлға танылады.

Аталған сервис «Анықтамасыз қызмет» жобасы аясында пилоттық режимде қосылып отыр. Сервистің арқасында үшінші тұлғалар мекен-жай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығын растайтын анықтамасын, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен оның сипаттамасы туралы анықтамасын, соттылығы бар немесе жоқтығын растайтын анықтамаларды ала алады.

Мобильді азаматтар базасына тіркелу үшін қызмет алушы «элек­трондық үкімет» веб-порталдағы өзінің жеке кабинетіндегі «телефон» бағанына қолданыстағы телефон нөмірін енгізуі немесе оны кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп жеке сәйкес­тендіру нөміріне (ЖСН) тіркеуі қажет.

Аталған сервисті қолдану бойынша туындаған сұрақтарыңыз бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-16 немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (1414-колл орталығы, 3309833) жүгінуді ұсынамыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *