Құрметті Алматы қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар!

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ бағыты бойынша Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасымен 2018 жылғы «28» және «30» наурыз аралығында «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.e-gov.kz) (бұдан әрі – портал) арқылы Алматы қаласының «Думан» ықшамауданында орналасқан тұрғын үйлерге өтініштер мен құжаттар қабылдау жүзеге асырылды.

Веб-порталда орын алған техникалық ақауларға байланысты Алматы қаласының «Думан» ықшамауданына 2018 жылғы «28» және «30» наурыз аралығында түскен өтініштер қарастырыла алмайды.

Жергілікті атқарушы органның есебінде тұрған азаматтарға  2018 жылғы «27» және «29» сәуір кезеңінде өтініш пен құжаттарды қайта тапсыру қажет.

Веб-портал арқылы құжаттарды өткізу үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінде  (ХҚКО) электронды сандық қолтаңбаны (ЭСҚ) алу қажет.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Алматы қаласының «Думан» ықшамау­данындағы 53 пәтерді (1 бөлмелі – 26, екі бөлмелі – 27) іске асыруды жоспарлауда.

Сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйдің құны жалдау мерзімі 20 жыл болғанда, бір шаршы метріне 1120 теңгені құрайтын болады.

Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі:

* көпбалалы отбасылар;

* толық емес отбасылар;

* мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

* жетім балалар, ата-анасы­ның  қамқорлығынсыз қалған балалар;

* оралмандар;

* 1 және 2 топтағы мүгедектер;

* мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдар­дың қызметкерлері.

Бұл ретте тұрғын үйдің 50 %-ы кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35-тен аспаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы сияқты жоғарыда көрсетілген санаттардағы адамдарға өткізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау;
  2. Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында тұрғын үйдің (ортақ бірлескен меншіктегі, тұрғын үйдің бірлігі ретінде осы тармақта көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестің) немесе Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алған жалдамалы тұрғын үйдің болмауы;
  3. Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүше­лерінің Қазақстан Республикасы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес келетін үміткерлер пәтердің белгілі бір түріне өтініш пен мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. Неке қию (2008 жылға дейін тіркелген болса), некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;
  2. Балаларының туу туралы куәліктері (2008 жылға дейін туылған болса);
  3. Өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтамасы;
  4. Отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;
  5. Өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу кезекке қою күні бойынша сатылатын пәтерлердің санына сәйкес жүргізіледі.

Өтініш берушінің  тиісті табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі.

Бағдарлама шеңберінде Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе жалға алуға рұқсат етіледі.

Бағдарлама бағыттары шеңберінде сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *