ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Famіly» саябағында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен аудан тұрғындары аталған игі шараның құрметті қонақтары болды. 

Балнұр АХМЕТ

Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскен­баев Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен құттық­тап, бүгінгі ұрпақ олардың ерен ерліктерін ешқашан естен шығармайтынын атап өтті.

– Біз еркіндік пен тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз. Тылда еңбек еткен біздің аға-апаларымызға қандай құрмет көрсетсек те, артық емес. Сіздердің маңдай терлеріңізбен атқарылған еңбектеріңізге алғысымызды сөзбен айтып жеткізе алар емеспіз. Бүгінгі ұрпақ сіздердің ерліктеріңізді ешқашан естен шығармайды, сіздерге бас иіп, тек қана алғыс білдіреміз! Сұрапыл майданда қаза болған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Осындай мерекелі сәтті пайда­ланып, баршаларыңызға ашық аспан, зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін! – деп, аудан басшысы ардақты ардагерлерге ізгі тілегін білдірді.

Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнайы дайын­далған «Жауынгерлер ботқасы» ұсынылды. Ізгі шараның қонақтары театрландырылған мерекелік концерттік бағдарламаны қызыға тамашалады. Шара барысында әскери бөлімшенің сарбаздары мен «Арыс­тан» лицейінің курсанттары өздерінің әскери-техникалық шеберліктерін көрсетті. Мерекелік іс-шарада Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының әншілері, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, «Арт классик» тобы, «Смарт» өнер мектебінің шәкірттері және басқа белгілі эстрада жұлдыздары көрермендерді өз өнерлерімен қуантты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *