«Өрлеудің» бәйгесінде тағы да бақ сынаймыз

«Педагогикалық идеялар панорамасы» атты мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістерінің республикалық конкурсы мұғалімдер тәжірибесінде елеулі орын ала бастағандай.
Конкурстың мақсаты – бірыңғай акпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалык тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың акпараттық-коммуникациялық және технологиялық кұзыреттіліктерін арттыру. Ал міндеттері: педагогтың мәртебесін нығайтуға және оның беделін көтеруге жәрдемдесу; үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті камтамасыз ету; білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту; ҚР виртуалды білім беру кеңістігінде үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын ұлғайту.
Бұл конкурс былтыр, яғни 2018 жылы бастау алды. Оған Алматы облысында орналасқан НЗМ АҰ қарасты «Арыстан» мамандандырылған лицейінен өз қадағалауыммен екі ұстаз қатысқан болатын. Олар Шамғанова Тазагүл мен Шоманова Нұрбану. Екеуі де өз пәнін жетік меңгерген, цифрлық білім ресурстарын жасап, оқулық жазып, педагогикалық іс-шаралардың қайнаған ортасында жүрген тәжірибелі, берері мол ұстаздар.
Т.Шамғанова 10-сыныптың химия пәні бойынша «Сілтілік металдар» тақырыбымен, ал Н.Шоманова 10-сыныптың биология пәні бойынша «Жасушалардағы органикалық заттар. Көмірсулар» тақырыбы аясында видео-сабақтарымен қатысты. Сабақ тікелей тәжірибемен, оқушылардың қатысуымен, олардың пікірін, шешімін тыңдаумен өтті. Барлық заманауи әдіс-тәсілдерді мүмкіндігінше тиімді қолданған қос ұстаздың ерекше еңбегі, ізденістері бағаланып, республикалық байқаудың 1-ші және 3-дәрежелі дипломымен және «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма төрайымының атынан жазылған алғыс хаттармен және «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Биыл да жалғасын тапқан конкурсқа Алматы қаласы бойынша тағы да үш ұстаз өз видео-сабағын ұсынып отыр. Олар – Ахметова Альфия (№65 МГ), Лұқпанова Клара (№86 МГ), Құдабай Парида (№30 МГ). «Өрлеудің» Алматы қаласы бойынша филиалынан жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өткен химия жүйріктеріне, заманауи әдістермен қаруланған бұл әріптестеріме де сәттілік тілеймін

Анар РАКИШЕВА,
Алматы қаласы бойынша
ПҚ БАИ, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *