ӘРКІМНІҢ ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫ

Рахман АЛШАНОВ, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы,  «Тұран» университетінің ректоры:

– Әлемді жайлаған пандемияға қарсы күресте еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күн тәртібінде қосымша күшке деген қажеттілік тұрғаны белгілі еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қоюы еліміздегі коронавирус індетін ауыздықтау жолындағы батыл да маңызды қадам болды.

Негізгі мақсат – отандастарымызды қауіпті індеттен қорғануға жұмылдыру, сондай-ақ медициналық қызметке, су тасқынына қарсы күреске және ел тұрғындарының денсаулығын тиімді қорғау қажеттігіне байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету.

Бұл тәжірибе әлемнің барлық елдерінде, соның ішінде Кеңес Одағында да жүйелі түрде қолданылып келгені, қажеттілік болған жағдайда әлі де қолданылатыны белгілі. Бұл туралы біздің еліміздің Конституциясында жазылған және Отан шақыруына үн қосу – әрбір азаматтың парызы болып табылады. Бүгінде мемлекеттің қосымша күшке деген қажеттілігі пайда болған кезде, біз бұл қажеттілікке жұмылу – әрбір азаматтың қасиетті міндеті екенін ескеруіміз керек.

Шешім қабылдағанды. Құжатта барлығы ескерілген, пысықталған – азаматтардың оқуы, жұмысы, отбасы, табысы, міндеті мен жауапкершілігі, ең бастысы жеке қауіпсіздігі.

Біздің еліміз өз тәуелсіздік жылдары көптеген жетістікке жетті. Көпшілігіміз ХХ-ғасырдың 90-шы жылдары азық-түлік карточкаларын қолданып, кезекпен өлшеулі тағам өнімдерін де алып өмір сүрдік. Сол бір қиын-қыстау кезеңде талай кәсіпорындар жабылып, азық-түлікке қолы жетпей, тұрмысқа қажетті тауарлар таба алмай жүрсе де, халқымыз ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы барлық қиындықтарды бірге еңсерді.Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік аренада өз орны бар, өркениетті мемлекеттер қатарында дамып келе жатқан, жаһанға сыйлы ел. Бұған тарих куә. Бүгінгі қиыншылықтарды да халқымыз бірлесе еңсереді деген ойдамын. Коронавирус індетіне қарсы ауқымды шаралар да, болжанып отырған көктемгі су тасқынына қарсы күрес те нәтижелі болады деп сенемін. Ал әскериленр де, халқымыз да, әскери жиынға шақырылатын адамдар да еліміздің қауіпсіздігі мен болашағы жолындағы атқарылар шараларды азаматтық парыз, құрметті борыш деп қабылдауы тиіс.

Т. ДАНИЯРОВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *