Әркім өзін-өзі сақтаса, бұл індетті мейлінше ертерек жеңе аламыз

Алма ӘБІЛҚАСЫМОВА, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Әркім өзін-өзі сақтаса, бұл індетті мейлінше ертерек жеңе аламыз

– Бұл індет бүкіл әлемге, барша адамзатқа апат болып келіп отырғаны мәлім. Әрине, ол әдейі саясатпен жасалып отыр ма, басқаша жағдай орын алды ма, ол белгісіз. Дегенмен, дәл қазір қазақ еліне осындай күн туғаннан кейін мемлекетіміз мүмкіндігінше халыққа қолдау көрсетіп отыр. Егер біз шыдап, төзімділік танытып, наурыз-сәуір айларында қатаң карантин режимін әрі қарай созғанда, соңғы кездегідей коронавирус жұқтырған адамдардың саны азырақ болар еді.

Қазіргі таңда мемлекетіміз өз тарапынан халыққа барлық жағдайды жасап отыр. Мәселең, АҚШ-та, Еуропада індет алғаш басталғанда халық неге көп ауырып қайтыс болды? Себебі, олардың денсаулық сақтау жүйесі тек ақылы болғандығында. Ал біздің мемлекетте осы індетке шалдыққан әрбір қазақстандыққа тегін медициналық көмек жасалып жатыр. Одан басқа жұмыссыз қалған миллиондаған азаматтарға мемлекет екі мәртебе 42500 теңгеден материалдық көмек көрсетті. Осыған орай, мемлекеттік комиссия тарапынан қойылып отырған талаптарға сай сабырлық, төзімділік танытып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүргеніміз дұрыс. Той жасау, басқа да жиындарды ұйымдастыру мәселелерін тоқтата тұрған жөн. Бұл бүгінгі күннің талабы.

Егер карантин талабын сақтамасақ, бұл дерттің құрбаны болуымыз әбден мүмкін. Сондықтан мемлекет тарапынан құрылған комиссияның шешімдеріне, ұсыныстарына құлақ асып, әр отбасы орындайтын болса, індеттен ертерек құтыла бастаймыз.

Осы орайда Алматы қаласының әкімшілігі көптеген жұмыстар атқарды. Тіпті жаңадан ауруханаларды ашып, медицина саласы қызметкерлеріне тиісті көмектер жасап жатыр. Қазір бірте-бірте карантин режимі жұмсартылуда. Коронавируспен ауырған адамдарға тегін реабилитациялық көмектер көрсетілуі қажет. Сонымен, егер әркім өзін-өзі сақтаса, жақындарына жанашыр болса, біз бұл пандемияны жеңіп шығатынымызға толық сенемін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *