«Үркер–2018» сыйлығына өтініш қабылдау басталды

Баспасөз, радио және интернет журналистика саласына арналған «Үркер–2018» ұлттық сыйлығына өтініштер қабылдау басталды. 

Биылғы «Үркер» байқауының қазылар алқасына қоғам қайраткерлері, сарапшылар, журналистер, медиа-менеджерлер, жалпы саны 13 адам кіреді.

Әр номинация жеңімпазына 1 млн теңгеден беріледі. Жалпы, биылғы «Үркер» байқауының жүлдеқоры – 13 млн теңге.

Байқау төмендегідей номинациялардан тұрады:

үздік фотосурет;

үздік репортаж;

үздік аналитикалық материал;

үздік журналистік зерттеу;

үздік сұхбат;

Қазақстан туралы үздік танымдық материал;

үздік халықаралық аналитикалық материал;

Астананың 20 жылдығына арналған материал;

үздік аймақтық радиостанса;

үздік аймақтық мерзімді басылым;

үздік қазақстандық радиостанса;

үздік интернет БАҚ;

үздік республикалық баспасөз басылымы;

үздік вайн;

 

Ұлттық «Үркер» байқауы туралы толығырақ el.kz сайтынан біле аласыздар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *