ӘРІПТЕСІМІЗГЕ АКАДЕМИК АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қали Сәрсенбай қазақ рухани кеңістігінде өз мәнері бар қаламгер. Таяуда «KAZGOR» жобалау академиясының ұжымы жазушымен кездесу өткізді.

Аталмыш академияның ака­демия­лық кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық инженерлік ака­демиясы мен халық­аралық Шығыс елдері сәулет академия­сының академигі, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты – Әбді­сағит Тәтіғұлов.

«KAZGOR» – отандық құры­лыс индустриясының көш­бас­шысы. Келер жылы 90 жылдық белеске көтерілетін қазақтың қасиетті қара­шаңы­рағында хал­қы­мыздың белгілі, тұлғалы аза­маттарымен кездесу өткізіп отыру дәстүрге айналған. Кездесуді академияның қаржы директоры Асқар Юсупов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Академия президенті Айдар Тәтіғұлов, бас сәулетші Тоқтар Ералиев мұндай кездесулердің мән-маңызына айрықша тоқталып өтті. Сондай-ақ, Алматы қалалық мәслихаты­ның депутаты, «Тұран» универ­ситетінің ректоры, про­фессор Р.Алшанов, белгілі қалам­гер, «Парасат» орденінің иегері З.Асабаев қаламгер шығар­машы­лығы туралы әңгімелеп берді.

Қаламгерге «KAZGOR» жоба­лау академиясының акаде­мигі атағы беріліп, 60 жылдық мерей­тойына орай құттықтау хаты табыс етілді.

«Ақшам-ақпарат».   

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *