Әріптесіміз Елорда журналистерін басқарады

Қазақ баспасөзінің ірі ұйымдастырушысы, журналист, Халықаралық ақпараттар академиясының академигі Шархан Қазығұл Нұр-Астана қалалық журналистер одағы филиалының төрағасы болып тағайындалды.

Қазақ журналистика­сын­да өзіндік орны мен абырой-беделі бар Шархан Қазығұл әр жылдары Алматы облысының Балқаш, Іле аудандық газеттерінің редакторы, Үкімет баспасөз қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, республи­калық «Нұр-Астана» және «Айқара» газеттерінің Бас редакторы болып қызмет атқарған. Соңғы кездері «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қоғаммен байланыс департамен­тінің сарапшысы қызметін атқарып келді. Әріптесімізге жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *