РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР БАЙҚАУЫ «ҒҰМЫРДАРИЯ – 2019»

ҚР АЛМАТЫ шаһары. 26 наурыз / өтініш қабылдау мерзімі   23 наурызға дейін

Байланыс телефондары: + 7 701 410 84 85, + 7 707 878 96 05;

+ 7 705 733 44 37; + 7 775 945 80 93; + 7 708 195 05 04

E.maіl — gumyrdarіya_konkurs@maіl.ru

инстаграм: gumyrdarііa7

Өтетін орны: Алматы шаһары, Абылай хан 105, /Төле би көш.қиылысы/  «Жазушылар одағы», 65 кабинет

«ӘНІМ СЕН ЕДІҢ»

Республикалық Тұманбай Молдағалиев туындыларынан

ән-жыр байқауының

Е Р Е Ж Е С І

Қазақтың ұлы ақындарының бірі, қалың қазағы «Тұман аға» деп еркелеткен өз өмірін өлеңмен өрнектеп, ғұмырының соңына дейін өлең жазған ақын Тұманбай  Молдағалиев  балалар  әдебиетін де назардан тыс қалдырған жоқ. Қазақ әдебиетінің классигі атанған. Қазақ музыкасының  дүлдүлдері  Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сияқты сазгерлермен тығыз байланыста болып, талай әндердің дүниеге келуіне ықпал ету арқылы артына өшпес мұра қалдырды.

 

Байқаудың шарттары:

Жанры: вокал, вокалды топтар, хор (академиялық, эстрадалық, халықтық); хореография (топтық, жеке би); көркем сөз.

Қатысушылар «Вокал», «вокалды топ», «хор»  жанры бойынша 2 ән орындайды. Бірінші ән – Тұманбай Молдағалиевтің  сөзіне жазылған ән болуы керек. Екінші ән – еркін тақырыпта. Ән  жанды дауыста айтылады.

«Көркем сөз» жанры бойынша ақынның екі өлеңі жатқа оқылуы тиіс.

«Хореография» жанры бойынша  әр топ еркін тақырыпта екі би орындайды.

 

Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшеліктері:

Бүлдіршін топ (5–7 жас аралығы);  Кіші топ (8–10 жас аралығы); Орта топ (11–13 жас аралығы);

Жасөспірім топ (14–16 жас аралығы);  Жоғарғы топ (17–20 жас аралығы); Ересек топ (21–25 жас аралығы).

 

Барлық қатысушылар өз мини-дискілеріне, флешкаларына орындаушының аты-жөнін, әннің  реттік нөмірін, жанрының  атын жазып көрсетулері қажет.

– 25 наурыз – сағат  10.00 – 16.00-ге  дейін облыстардан келген қатысушылардың тіркелу күні.

– 26 наурыз – сағат  09.00 – 10.00-ге  дейін қатысушылардың тіркелуі, 10.00 – 10.30 байқаудың салтанатты   ашылу рәсімі. Байқау жалғасады. Гала-концерт. Марапаттау рәсімі.

 

Қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау

Қазыларалқасының құрамында өнер қайраткерлері, композитор, ақын, әнші, белгілі педагогтар болады.

Қазыларалқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды, бағалау ашық жүргізіледі. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады. Әділқазылар шешімі талқыға салынбайды.

Байқау жарнасы:

Жеке орындаушыларға – 15 000 теңге.

Дуэт, трио, квартет  – 20 000 теңге.

6–10 адамға дейінгі топтарға  – 30 000 теңге.

Құрам саны 10 адамнан асса- әр қатысушыға 3 000 теңге.

 

Барлығыңызға СӘТТІЛІК тілейміз!

 

 

«ҒҰМЫРДАРИЯ–2019»

 

«ӘНІМ СЕН ЕДІҢ»

Республикалық Тұманбай Молдағалиев туындыларынан

ән-жыр байқауының

 

Өтініш беру үлгісі

 

Алматы қаласы

 «ҒҰМЫРДАРИЯ»

Республикалық  ән-би

байқауына

 

 

Өтініш — сауалнамасы

 

Қатысушының  аты-жөні (топтың атауы)____________________

_______________________________________________________

Жасы: (туған жылы, күні, айы) _____________________________

Қайдан  (обл, қала, аудан) __________________________________

Мектеп, сыныбы: __________________________________________

Жанры:_____________________________________________

Репертуары: ______________________________________________

Шығарманың авторлары (сөзі, әні) ___________________________

Жетекшісі:________________________________________________

Жетекшінің тел.нөмірлері:__________________________________

Оқушының  немесе ата-анасының телефон нөмірлері:

_________________________________________________________

Электронды пошта: _______________________________________

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *